Оқушылардың барлығы: шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінеді..
Оқушылардың көпшілігі:. шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы дұрыс анықтайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.
Тілдік мақсат
Пәндік лексика, терминология: дағыстандық суретші, тау-ана, «Елді аңсау», «тордағы құс» т.б.
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: тау ішінде өз тілін қастерлемейтін адам сый-құрметтен жұрдай болады. Шұбар тілмен жазылған жырын да ешқашан тау-ана оқымайды.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Авар халқының қандай қасиетін өз бойыңа сіңірдің?
-Шынымен оларды елжандылық қасиет басым ба?
-Туған тілдің адамды тірілтетін құдіреті бар ма?
-ол құдірет кез-келген тілде бола ма?
-Тілді қастерлеу отбасылық тәрбиеге байланысты ма?
Құндылықтарды дарыту
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық ұлтжандылық тәрбие.