2. Физиология ғылымының салалары. Көздеген мақсаттарына сәйкес физиология бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ дара дамитын бірнеше салаларға бөлінеді. Оларды жалпы, салыстырмалы, эволюциялық, жас, арнаулы жоне экологиялық физиология деп атайды.
Жалпы физиология жеке жасушалар мен олардың цитоплазмасының қызметін, жасуша аралық байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін зерттейді.
Салыстырмалы физиология әр түрлі жануарлар организмінің тіршілік әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықты зерттейді.
Эволюциялық физиология адам мен жануарлар организмі функцияларының онто- және филогенездік даму барысында пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Жас физиологиясы организмнің тіршілік әрекеттерінің жеке дамудың (онтогенез) әр түрлі сатысындағы ерекшеліктерін тексереді.
Арнаулы (салалык) физиология жануарлардың жеке кластары мен топтарының (мыс, жеке түрлер мен түліктердің), жеке мүшелердің (жүрек, бүйрек, бауыр т.б.), жүйелердің (қан айналым, тыныс алу, ОНЖ т.с.с), жеке ұлпалардың (ет, нерв т.б.) тіршілік ерекшеліктерін зерттейді.
Экологиялық физиология организмнің тіршілік әрекеттерінде мекендеу ортасы мен табиғи географиялық жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктерді анықтайды.
Физиология ғылымының зерттеу әдістері
Бақылау әдістері- физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.
Тітіркендіру әдістері –тірі құрылымдардың, ағзалар мен ұлпалардың күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура) әсерін қолданады.
Созылмалы тәжірибе әдістері –жануарларға тірідей операция жасап, кейін ұзақ уақыт бақылайды.
Аспаптық әдістер-физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру ғапуруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия)үшін арнайы аспаптар ұсынады.