Сабақтың мазмұны: Жоспары: Көмірсулар қызметі,жіктелуіне сипаттама беру Көмірсулар алмасуы



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі24,4 Kb.
#127938
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Тақырып 8 Көмірсулар


Тақырыбы: Көмірсулар,майлар,дәрумендер адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мазмұны: Жоспары:
1.Көмірсулар қызметі,жіктелуіне сипаттама беру
2.Көмірсулар алмасуы
3.Тарихи анықтама
4. Көмірсулардың адам ағзасына маңызы
5.Дәрумендер
6.Майлар
Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі. Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек. Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Дәрумендер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады. Дәрумендер майда және суда еритін витаминдер болады. Майда еритін витаминдерден A, D, Е,К, ал суда еритін витаминдерден- В тобының витаминдер, С витамині кездеседі. Витаминдер адам және жануар организмінде маңызды роль атқарады. Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде екі түрлі кызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағамқұрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.
Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдарымен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады.
Көмірсуларорганикалық қосылыстар, көбінесе табиғи шығу тегі, көміртек, сутегі және оттегіден тұрады. Көмірсулар барлық тірі ағзалардың өмірлік белсенділігіне үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет