8 . 09. 2020
«Органикалық химиядан есептер шығару»
11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
Сабақтың нөмірі: №2
Сабақтың тақырыбы: Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері. Бензолдың алынуы
Оқу мақсаттары: 11.4.2.14 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;
Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:
Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттерін біледі;
Олардың арасындағы реакция теңдеулерін құрастырады.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.
1. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender
Сабақ мазмұны:
Бензол орынбасу, қосылу және тотығу реакцияларына түседі.
Орынбасу реакциялары.
1. Галогендермен орынбасу реакциялары темір (III) тұздарының қатысында жүреді:
Хлормен де бензол осылай әрекеттеседі.
2. Нитрленуі. Нитрлеуші қоспаның (концентрлі күкірт және азот қышқылдарының қоспасы) қатысында қыздырғанда, бензолдан нитробензол түзіледі:
3. Бензолдың гомологтары орынбасу реакцияларына бензолға қарағанда оңай түседі. Мысалы, толуолдың азот қышқылымен әрекеттесу реакциясы нәтижесінде 2,4,6-тринитротолуол түзіледі:
2-, 4-, 6-тринитротолуолды тротил, тол, ТНТ деп те атайды.
Қосылу реакциялары. Бензол косылу реакцияларына қиын түседі. Тек қатты қыздырғанда немесе ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және катализатордың қатысында ғана бензол қанықпаған қасиет көрсетіп, сутекті және галогендерді қосып алады.
4. Гидрленуі. Катализаторлар қатысында қыздырғанда бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:
Бензолдан циклогексан алу
5. Галогенді қосып алуы. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алып, нәтижесінде, гексахлорциклогексан (гексахлоран) түзіледі:
7. Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзе жанады (молекула құрамындағы көміртектің массалық үлесіне көңіл аударыңдар):
2С6Н6 + 3O2 -> 12C + 6Н2O
Егер қосымша оттек немесе ауа үрленсе, жану толық жүреді:
2С6Н6 + 15O2 -> 12СO2 + 6H20
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender
«Kundelik.kz» сайтындағы презентациялық материал
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |