Сабақтың нөмірі: 2 Сабақтың тақырыбы: Экожүйелер Мақсаты: Бұл сабақта оқушы экожүйе ауысымдарының себептерін түсінеді



Дата12.07.2022
өлшемі13,54 Kb.
#37618
түріСабақ

Құрастырушы: Мұрат М.М, оқу бөлімінің әдіскері, Алматы қаласының Білім Басқармасының «ҚББЖТҒӘО» қолдауымен
Жаратылыстану пәні бойынша 6 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 2
Сабақтың тақырыбы: Экожүйелер
Мақсаты: Бұл сабақта оқушы экожүйе ауысымдарының себептерін түсінеді

Қысқаша конспект
Экожүйелердің өзгеруі – бұл берілген аймақтағы экожүйелердің өзгеруінің табиғи үдерісі. Бұл жүйелі, бағытталған және алдын ала болжауға болатын үдеріс. Экожүйелердің ауысуы кезінде бір түрді басқасы алмастырады, биоценоздың алуан түрлілігі біртіндеп артады. Биоценозда түрлер қаншалықты көп болса, ол соншалықты тұрақты. Егер қоршаған ортаның жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, онда жүйелі өзгерістер өте баяу, геологиялық уақытпен өлшенетін жылдамдықпен жүреді. Қазіргі уақытта адамның қызметінің арқасында экожүйелердің ауысу қарқыны артқан. Экожүйелердің ауысуының екі түрін ажыратамыз – бірінші реттік және екінші реттік.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Алматыкітап» баспасы, 176-180 беттер
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1. Тапсырма «Сұрақ жауап» әдісі. Оқушылар «Қандай факторлар экожүйелердің өзгеруіне себепші болады?» сұрағын талдайды.
2. Тапсырма. Жеке жұмыс.Мәнмәтінмен танысып,нәтижесін кесте түрінде ұсынады.
Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады.

Сендердің ойларыңша бұл әдіс өз аймақтарыңда қаншалықты тиімді?




Жаңа ақпараттағы негізгі ойларды атаңдар.




Берілген экожүйені қалпына келтірудің қажеттілігін бағалаңдар.




Қалай ойлайсыңдар, 10, 20, 30 жылдан кейін бұл жайылымда не болуы мүмкін?





Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет