Ві3+ (...4f145d10 6s2 6p3 ) катионынатәнсапалық реакциялар 1. Сілтілер (NaOH, KOH) мен аммиак ерітіндісі Ві (ІІІ) тұзының ерітіндісімен ақ тұнба - висмут гидроксидін Bі(OH)3 түзеді, соңғысын қыздырғанда сарғайып, висмутил гидроксидіне айналады:
Ві3+ + 3ОН- Bі(OH)3 ВіO(OH) + H2O
ВіO(OH) реагенттің артық мөлшерінде ерімегенімен, минералды қышқылдарда ериді.
Тәжірибе. Екі пробиркаға Ві (ІІІ) тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы алып, біріншісіне – 2-3 тамшы NaOH (KOH), екіншісіне -2-3 тамшы NH4OH ерітіндісін қосады. Түзілген ақ түсті висмут (ІІІ) гидроксидін висмутил гидроксидіне айналдырып, ерігіштігін тексеріңіздер.
Реакцияның жүру жағдайы: Реакцияның соңғы өнімі түзілу үшін қыздырады
2. Висмут (ІІІ) тұздарының гидролизі. Висмут (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін сұйылтатын болса, ақ түсті висмутил хлориді ВіОСl түзіледі:
ВіСl3 + 2H2O Bі(OH)2Cl + 2НСl
Түзілген негіздік тұз тұрақсыз:
Bі(OH)2Cl ВіОСl + H2O
Tәжірибе. Пробиркаға висмут хлоридінің ерітіндісінен аз ғана алып, үстіне дистилденген су қосып, сұйылтады. Висмутил тұздары сұйытылған қышқылдарда ериді. Бірақ ВіОСl шарап қышқылында ерімейді, бұл оның SbOCl -нен айырмашылығы.
3. Висмут (ІІІ) ионы Н2S пен Na2S2O3 ерітінділерімен әрекеттесіп, қара-қоңыр Ві2S3 түзеді:
2Ві3+ + 3S2-Ві2S3
2Bі3+ + 3S2O32- + 3H2O Bі2S3 + 3H2SO4 Тұнба сұйытылған қышқылдарда және (NH4)2S, Na2S ерітінділерінде ерімейді. Бірақ 2н. НNO3 мен ҒеСl3 ерітінділерінде оңай ериді:
Bі2S3+8Н++2NO3- 2Ві3++3S+2NO+4H2O
Bі2S3 + 6Fe3+ 2Bі3+ + 6Fe2+ + 3S
Тәжірибе. Екі пробиркаға Ві3+ тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшыалып, біріншісіне – 2-3 тамшы Н2S, екіншісіне – 2-3 тамшы Na2S2O3 ерітіндісін қосады. Түзілген тұнбалардың ерігіштігін тексеріңіздер.
4. Ві3+ катионын металдық висмутқа дейін тотықсыздандыру. Висмут (ІІІ) тұздары сілтілік ортада қалайы (ІІ) хлориді қатысында жеңіл тотықсызданады:
SnCl2 + 2NaOH = 2NaCl + Sn(OH)2 Sn2+ + 2OH- = Sn(OH)2 H2SnO2 + 2NaOH = Na2SnO2 + 2H2O
H2SnO2 + 2OH- = SnO22-+ 2H2O
Станит ерітіндісіне висмут (ІІІ) нитратын тамызғанда, қара түсті тұнба – металдық висмут және натрий станаты түзіледі:
Bі(NO)3 + 3NaOH Bі(OH)3 + 3NaNO3 Bі3+ + 3OH-Bі(OH)3 2Bі(OH)3 + 3Na2SnO2 = 2Bі + 3Na2SnO3 + 3H2O
2Bі(OH)3 + 3SnO22- = 2Bі + 3SnO32- + 3H2O
Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы SnCl2 ерітіндісін алып, оған 2-3 тамшы сілті (NaOH, KOH) ерітіндісінен артық мөлшерде қосады (сілтіні Sn(OH)2 тұнбасы еріп, Na2SnO2 түзілгенше қосады). Түзілген сілтілік ерітіндіге 2-3 тамшы висмут тұзының ерітіндісін тамызса, қара түсті металдық висмуттың тотықсызданғаны байқалады.
Реакцияның жүру жағдайы: Концентрлі сілтінің артық мөлшерінде Ві0 емес, станиттің ыдырауы нәтижесінде - қара түсті металдық қалайы түзілуі мүмкін:
2SnO22- + H2O = Sn0 + SnO32- + 2OH- Cілті ерітіндісі жеткіліксіз болса, онда уақыт өте қара түсті қалайы тотығы SnO түзіледі.
5. Ві3+ ионына бөлшектік реакция. Өте күшті қышқылды ортада КІ ерітіндісі висмут тұзымен әрекеттесіп, қара түсті висмут иодидінің тұнбасын береді:
Ві3+ + 3І-ВіІ3
Реагенттің артық мөлшерінде тұнба еріп, қызыл-сары комплексті қосылыс – тетраиодвисмутат ерітіндісін [BіІ4]- түзеді.
Тәжірибе. Пробиркаға 5 тамшы КІ ерітіндісін және үстіне тамшылата отырып висмут тұзының ерітіндісін қосады. Сарғыш-қызыл түсті комплексті ерітінді – калийдің тетраиодвисмутаты К4[BіІ4] түзіледі.
Комплексті қосылыстың құрамындағы иодты Ғе3+ және Сu2+ тұздарының ерітінділерін қосып, ығыстыру реакциясы арқылы хлороформмен оңай бөліп алуға болады (төменгі күлгін қабат).