Сабақты өткізген уақыты



Дата16.02.2023
өлшемі15,2 Kb.
#68286
түріСабақ
Байланысты:
талдау (копия)


Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау


Сыныбы: 5 «В»
Пән: Қазақстан тарихы
Мұғалімнің аты-жөні: Өкінбек Гүлмерей
Сабақты өткізген уақыты: 18.01.2023
Кесте бойынша сабақтың кезегі,ауысымы: 3-сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру,жаңа мәліметтермен танысу
Сабақтың мақсаты: Томиристің ел қорғаудағы роліне сипаттама беру, Томиристің Кирмен шайқасы туралы баяндау.
Сабақтың психологиялық мақсаты:
-Оқушылардың дамуын, нақты оқу материалын және нақты сабақты оқып–үйрену шегінде бақылау;
-Сабақтың мақсаттық ұстанымында тақырыпты оқып–үйрену міндеттері мен алдыңғы жұмыста қол жеткізген нәтижелерді есепке алу;
-Оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық–педагогикалық ықпалдың жекелеген құралдарын қарастыру.
Оқыту әдістері:
Дигтоглосс әдісін қолданды. Мұғалім берілген сабақтың тақырыбына сай мәтін дайындап, оқушыларға тарихи деректерді–ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық түрдегі көрнекіліктер мен суреттер қолданып, түсіндірді.
Сұрау әдістері:
Топтық жұмыс жасады. Мұғалім тақырыпқа сай жаңа сөздерді әр топқа бөліп беріп, түрлі жаттығулар жасады. Әрбір оқушыға сұрақ қою арқылы, жаңа тақырыпты меңгерулерін тексерді.
Сабақтағы мұғалімнің мінез-құлқы.Мұғалімнің жұмыс стилі:
Сабақта оқушылар жоғарғы білім деңгейін көрсете білді,оған себеп кері байланыс барысында,мұғалімнің қойылған сұрақтарына нақты әрі жылдап жауап берулері дәлел болды.
Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы(талап қоюшылығы, сыйластық, жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, мақұлдау әдістері, үйрету; табыс жағдаятын құру):
Балалардың жеке пікірімен санасады, өз ойларын айтуына қарсылық білдірмейді. Оқушыларға әсер ете алады. Сынды дұрыс жеткізе алады. Оқушыларды өз сабағына қызықтыра алады. Оларға нақты талаптар қояды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұғынықты жауап береді. Оларға өз білгенін үйретуден жалықпайды, балаларды көп ізденуге, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырады. Сабақ бастала салысымен сыныпта өте жақсы психологиялық ахуал қалыптастыра алады.
Мұғалімнің сыртқы келбеті:
Эстетикалық талапқа сай мәнерлі, ұқыпты классикалық үлгіде киінген.
Сабаққа жалпы баға беру (қойылған мақсатқа жетуі, сабақтың тиімділігі және оны анықтау әдістемесі, оқыту түрін қолданудың педагогикалық дәлелділігі, оқыту үрдісінің қайшылықтарын жеңуі):
Сабаққа жалпы қорытынды жасай кететін болсам,Сабақтың басы Томиристің ерлік батырлығын дәріптеу мақсатында болса,ортасында Кир мен шайқасы баяндалып,ұрыс кезінде қандай тапқырлық көрсете білгені суреттеледі. Ал соңында Томирис патшайымның Кирді өлтіріп, өз еліне бостандық алып беруімен аяқталады. Оқушылар үшін бұл тақырып бір жағынан қызық, бір жағынан талқылауға да кең ауқымды болды.

Талдау жүргізген: __________ ___________________________


(қолы) (аты-жөні)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет