Сабақтың сұрақтары: Саптық жарғының жалпы ережелері



бет2/2
Дата15.11.2023
өлшемі16,94 Kb.
#123078
түріСабақ
1   2
Байланысты:
сабақ 1-4, ереже

Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.
Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).


2 оқу сұрағы. Бөлімшелер құру және оларды басқару. «Бөлімше, бір (екі) қатарға «Тұр», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Солға-Түзел», «Тоқтат» командаларын орындау.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.


Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР».
Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.
Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін. Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.
Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
Мысалы: «Бөлімше – ТОҚТА». «Қатардағы жауынгер Әлімов, Артқа – БҰРЫЛ».
Командаларды белгімен берген кезде алдын ала «НАЗАР САЛ» белгісі беріледі, ал егер команда бөлімшелердің біреуіне ғана қатысты болса, онда сол бөлімшенің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшелердің нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді бөлім (бөлімше) командирі белгілейді.
Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ «НАЗАР САЛ» белгісімен белгіленеді.
Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады.
Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.


3 оқу сұрағы. Командирлер мен әскери қызметшілердің сапқа тұрғызу алдындағы және саптағы міндеттері.
Командир мыналарға міндетті:
сапқа тұрғызу орнын, уақытын, тәртібін, киім нысаны мен жабдықтарды, сондай-ақ қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетуге; қажет болған кезде қадағалаушыны тағайындауға;
сапта өз бөлімшесі (бөлімі) бағыныстыларының, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдары мен шанецтік аспаптардың болуын тексеруге және білуге;
бағыныстылардың сыртқы пішінін, сондай-ақ жабдықтардың болуын және оның дәл келуін тексеруге;
сап тәртібін сақтауға және бөлімшелердің командаларды, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауын талап етуге;
жаяу жүру сабындағы орнында командалар берген кезде саптық қалыпты қабылдауға;
жеке құрамды тасымалдау үшін жабдықтың болуын және ақаусыздығын, тасымалданатын (тіркелетін) материалдық бөлік бекітілуінің және мүлік салынуының дұрыстығын тексеруге, бөлімшелерді қару-жарақпен және әскери және басқа да техникамен сапқа тұрғызған кезде оларға сыртқы шолу жасауға;
рота және одан жоғары командирлерде − өзімен бірге саптық жазбаның болуына (3-қосымша);
жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын ескертуге;
қозғалыста белгіленген арақашықтықты, жылдамдық пен қозғалыс ережелерін сақтауға.
Әскери қызметші мыналарға міндетті:
өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдарының, шанецтік аспаптардың, киім-кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;
киім-кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерге байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;
саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;
сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;
өз командирінің командаларын мұқият тыңдауға, басқаларға бөгет жасамай, оларды жылдам және нақты орындауға;
командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізуге.


Оқытушы:
запастағы майор М.Бекенов.
25.10.2023ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет