Сабақтың тақырыбы § 8 МӘтіндік ақпараттарды кодтау


Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы



бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі101,21 Kb.
#70874
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
10-сыныптарға арналған Информатика сабақ жоспары

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Ақпаратты кодтау түрлерін жазыңдар
ASCII коды мен Юникод кодының айырмашылықтарын салыстырыңдар

Құндылықтарға
баулу

Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау

Пәнаралық
байланыс

Ағылшын тілінде әріптер қолданылады

Алдыңғы білім

Ақиқат кестелері

Сабақтың барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері



Уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин
3 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Чатта оқушыларды + белгісімен түгендеу


Өткен сабақты пысықтау:
Сұрақ жауап
Оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақтарға дыбыстық жазбаны чатқа жолдайды

Whatsap

Онлайн мектеп платформасы


Сабақтың ортасы

2 мин
10 мин

«Миға шабуыл» әдісі

  • «Код», «шифр» дегенді қалай түсінеміз?

  • Шифрлау немесе кодттаудың өмірде қандай маңызы бар?

  • Қай салаларда қолданылады?

  • Бұл терминдердің компьютерге қандай қатысы бар?

Жаңа сабақ
Мәтіндік ақпаратты кодтау принциптері. 1 сабақ
Компьютерлер мен басқа есептеу машиналары мәтінді жеке символдар ретінде қабылдайды. Символдар – тек әріптер ғана емес, сонымен қатар сандар, белгілер, арнайы рәміздер және сөздер арасындағы бос орындар. Бір сөзбен айтқанда, бұл әліпби деп аталады. Әр әліпбиде символдардың саны әртүрлі болады. Оны «әліпбидің сыйымдылығы» деп атайды. Ақпараттың көлемін анықтау үшін мынадай формула қолданылады: N = 2bN – алфавиттің сыйымдылығы, b – биттердің саны. Әр символдың екілік коды жадыда 1 байт орын алады. Мәтіннің ақпараттық көлемін табу үшін I = N ⋅ K формуласы қолданылады, мұндағы N – символдар саны, K – бір символдың ақпараттық салмағы.
Компьютерегі барлық символ кодтау кестесі деп аталатын реттелген кестеде орналасқан. Кодтау кестесінің бірнеше түрі бар. Ең танымал түрлері – ASCII және Unicode. ASCII коды латын әліпбиінің әріптері мен символдарын кодтай алады, ол ең көп саннан, яғни негізгі кестедегі 128 символдан (27 = 128) және кеңейтілген кодтау кестесі 256 символдан (28 = 256) тұрады.
Сондай-ақ ASCII кестесіне балама ретінде Unicode бар. Unicode кестесінің бастапқы нұсқасы 65536 символдан тұрды, яғни 216 бұл символдардың санын білдіреді. Бірақ кодтау кестелерінің жаңа нұсқалары пайда болған соң, символдар саны 2 миллиардтан асты (231 = 2 147 483 684). Алайда көп жағдайда кестенің бастапқы нұсқасы қолданылады, онда алғашқы 128 символ ASCII кестесіне сәйкес келеді.

ASCII және Unicode кодтау кестелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері:






Артықшылықтары

Кемшіліктері

ASCII

Ол компьютер жадында аз орын алады және
оны барлық компьютерлер мен қосымша
құрылғылар таниды, оқиды.

Ағылшын тілінен басқа тілдерді кодтай алмайды. Символдардың саны шектеулі, бар-жоғы 256 ғана болады.

Unicode

Барлық ұлттық тілдерді кодтайды,
қайталанатын символдарды болдырмауға қабілетті.

Компьютердің жадында көп орын алады. Кеңейтілген кестеде 2 миллиардтан астам символ бар.














5 мин



10 мин





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет