Тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Ана-тіршіліктің тірегі ! »
Сынып жетекші: П.Дуйсеева
Сыныбы: 10-«Ә»
Түркістан 2023 ж
Сабақтың тақырыбы : Ана-тіршіліктің тірегі !
Мақсаты: : Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру.
Әдісі : Ауызша баяндау, әңгімелесу,сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс жүргізу,топтық жұмыс.
Көрнекілік: QR-смартфон , генератор әдісі,нейрожүйе ,фри әдісі, google әдісі, нақыл сөздер, қабырға газеттері,презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен сәлемдесу
В) Оқушыларды сергіту сәті
С) Оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Кіріспе сөз:
1 Жүргізуші: Сәләметсіздерме құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар !!!Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Топқа бөлу
2.Жүргізуші: Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған.
Сергіту сәті
3 Жүргізуші: Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
Ана туралы видео
https://youtu.be/x3cCG1FjApg
1 Жүргізуші: «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.
Генератор және Фри әдісі ойын
2 Жүргізуші: Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.
Мақалды жалғастыр ойыны:
1 Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
2 Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
3 Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
4 Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
5 Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
6 Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы.
9 Ананың сүті - бал, баланың тілі – бал.
8 Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
7Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
3 Жүргізуше: Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.
Караоке
1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Жарқыраған қызыл гүлдей Болсын әсем өміріңіз Сәуле шашқан әсем күндей Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деп тілейміз.
Кері байланыс
Қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |