Сабақтың ортасы
10 мин
20мин.
|
Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді)
- Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз.
- Олар қайда тұрады? –Үйде.
- Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?
- Үлкен шалқанды қалай жұлды? «Кім кімге көмектесті?
Ата, әже және немерені бір сөзбен қалай атайды?-Отбасы.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.Бір-бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың отбасын тату отбасы деп атайды. Қанекей отбасы туралы жаттап келген тақпақтарымызды еске түсірейікші.
«Ойлан, тап» жұмбақ арқылы жасырынған отбасы мүшелерін атау және отбасы мүшелерінің суретін «Отбасылық ағашқа» жапсыру. Балалар жауаптарына қарай суреттерді ажыратып, ретімен ағашқа жапсырып шығады. -Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар. - Қатал көрінгенмен өте мейірімді. Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.
- Кім бұл? (ата)
- Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары).
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
-Бұл кім? (әже)
- Оны қалай білдіңдер?
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )
-Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді, сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)
-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.).
- Ал сендердің әкелерің қандай? Толықтыру: (күшті, батыл, мықты,...)
-Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам?
-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
- Сенің өзіңнен үлкен, сабағыңды орындауға көмек беретін, сені серуенге бірге алып шығатын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
-Аға, апке.
- Сенің аға, апкең бар ма? (балалардың жауабы)
- Саған апкешім , ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?
- Іні, қарындас.
-Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)
-Балалар, бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Отбасы .
|