Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
а) Өткен тақырып бойынша тексеру сұрақтарын қою:
- Тең жиындар деп қандай жиындарды айтамыз?
- Бос жиын деп қандай жиынды айтады?
- Ішкі жиын деп қандай жиынды айтады?
- Меншікті ішкі жиын деп қандай жиынды айтады?
Жиындардың қилысуын анықта.
Қилысудың қандай қасиеттері бар?
Жиындардың бірігуін анықты.
Бірігудің қандац қасиеттері бар?
ә)Жаттығу жұмыстарын тексеру №5,6, 37 – бет;.
ІІІ. Жаңа тақырып материалы:
Анықтама. А және В жиындарының декарттық көбейтіндісі деп, бірінші компоненті А жиынынан, ал екінші компоненті В жиынынан алынған реттелген парларды айтады
Белгіленуі: А х В
Анықтама бойынша, А В =х; у х А у В.
Жиындардың декарттық көбейтіндісі ауыстырымдылық және терімділік заңдарына бағынбайды. Яғни, АхВ = ВхА және Ах(ВхС) = (АхВ)хС
Жиындардың декарттық көбейтіндісі үшін бірігу амалына байланысты үлестірімділік заңы орындалады: (АВ)хС=(АхС)(ВхС)
Жиындардың декарттық көбейтіндісін кесте түрінде жазу ыңғайлы:
Мысалы: A={1,2,3}, B={5,6}
АхВ = {(1,5), (1,6), (2,5), (2,6), (3,5), (3,6)}
-
A/B
|
5
|
6
|
1
|
(1,5)
|
(1,6)
|
2
|
(2,5)
|
(2,6)
|
3
|
(3,5)
|
(3,6)
|
Математикада тек реттелген парлар ғана емес, сондай – ақ үш, төрт және одан да көп элементтерден құралатын жиынтықтар қарастырылады. Осындай реттелген жиынтықтарды кортеждер деп атайды.
Мысалы, (1,2,3) – кортеждің ұзындығы 3-ке тең, өйткені ол үш элементтен тұрады.
Анықтама. А1,А2,...,Аn жиындатырың декарттық көбейтіндісі деп бірінші компоненті А1 жиынынан, екінші компоненті А2 жиынынан алынған ұзындығы n – ге тең кортежді айтады.
n жиынның декарттық көбейтіндісі былай белгіленеді: А1хА2 х ...хАn
Достарыңызбен бөлісу: |