Сабақтың тақырыбы : Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау Мақсаты


Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу



бет3/8
Дата09.05.2022
өлшемі106,35 Kb.
#33490
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
3.Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу

-Калашников автоматы жаңбыр немесе қар астында қалған кезде қандай күйде болады? Ластанады

-Ластанған кезде не істеу керек деп ойлайсыңдар? Тазалау керек

-ал павтоматтты тазалау үшін не істеу керек? бөлшектеу және содан кейін жинақтау

Сонымен біз бүгін сендермен автоматты бөлшектеуге және жинақтауға үйренеміз. Бұл жердесендерге алдыңғы сабақта алған білімдерің қажет болады.
4. Мұғалімнің түсіндірмесі

Видео көрсетіледі.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет