2. «Білеміз бе?» Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
VI топқа Болашаққа қандай мамандық қосуға болады
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз
3. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді. Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
4.Армандар орындалады! Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа өз тілектерін, армандарын жазады.
5.«Мамандықты тап» сергіту сәті. «Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы) Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
____________ мамандық (Дәрігерлік) Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы ) Оқу- білім арнасы,
Кім ол- оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз) 6. «Жағдаяттық сұрақтар». 1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?