Бұратана халықты жуасытудың негізгі әдісі жайында не айтар едіңіз?
Өзіңді тексер!
Сауалдар
Жауаптары
Құндылығы
Қырғыз - қайсақ секілді тарпаң мінезді, тағы ел мұндай қорлыққа өлсе көне ме? Көнбейді! деген пікірді қалай түсінесің?
Қазақ халқының би-шешен, батырлары осы тәуелсіздік жолында қасық қандары қалғанша күресті. Қазақ -өр намысты, ұлтжанды халық. Еліміздің өткен тарихы – бұған куә. Пеутлинг пен барон Игельстром диалогінен қазақ халқының осы мінезін байқағанын көруге болады
бірбеткейлік, намысшылдық
Бұратана халықты жуасытудың негізгі әдісі жайында не айтар едіңіз?
Оларды бір-біріне айдап салу, бір-біріне барымталаттыру - оларды өз-өздеріне өшіктіріп қою, зәбір көрген әлсіздеріне пана болу- оларды жуасытудың амалы.
тәкаппар , өр мінезді, ұлтжанды
5-тапсырма. «Таңда-Ортаға сал-Бағала» әдісі. Оқушылар берілген пікірлердің бірін таңдап, ойларын білдіріп, баға береді. 1. «Иә,дайындалу керек! Даярланбай болмайды!» -деп батыр іштей тас түйін қатайып алды. - Көп болса, «еркек тоқты құрбандық» біз болармыз. Бірақ... өлсек те,жастығымызды ала жығылып, бұлармен тек шайқасып өлу керек, тек шайқа-сып. 2. Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін! / Қайрат Рысқұлбеков/ Дескриптор: - Берілген үзінділермен танысады; - Мәтін үлгілерінің бірін таңдайды; - Пікір білдіріп, баға береді. Өзіңді тексер! 1. Сырым батырдың көрегендігі мен шешендігін өте жоғары бағалаймын. Ұлтының ертеңі үшін басын қатерге тіккен Сырымдай азаматтың осы сөзі халқына үлкен медеу болды. Дана әрі батыр би-шешен бабаларының дәстүрін жалғастырған ұлт перзенті деп бағалаймын! 2. Сан ғасырлар тәуелсіздікке қол жеткізе алмаған қазақ елінің ең соңғы көшбасшысы, құрбаны-Қайрат Рысқұлбеков еді. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» - ның ұйымдастырушысы. Өз ұлтын жанындай жақсы көрген ұлтжанды азамат. Туған елінің намысын өте жоғары қоятын біртуар азамат! Қосымша тапсырма: Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы мен І.Есенберлиннің «Қаһар» романдарын салыстырып, тарихи-танымдық тұрғыдан баға беріңіз.