III.Жаңа сабақ. «Мағынаны тану» видеоролик арқылы жаңа сабақ түсіндіру.
Ұннан жасалған өнімдер деп негізгі компоненті ұннан тұратын өнімдерді айтамыз.Қамыр консистенциясына қарай қою және сұйық дайындау тәсілдеріне қарай ашытқылы және ашытқысыз (тұщы),қамырындағы қосындыларға қарай дәмделінген және дәмделінбеген болады.Мұндай дәмді қоспаларға жұмыртқа,сары май немесе маргарин,қант,ашытқы,сүт жатады.
торт
тоқаш нан
дәмделінген қамырдан тәтті өнімдерге қаусырма печенье
бөлке нан
чубереки
субүйрек
пицца
дәмделінбеген қамырдан самса
мәнті тұшпара
кеспе
Ашытқылы қамырды дайындауға ұн,су және сүттен басқа ашытқы-ашытқы саңырауқұлақтар,микроағзалар қолданылады.Ашытқылы қамыр екі тәсілмен ашытпамен және ашытпасыз дайындайды.Ашытпа тәсілмен дайындағанда алдымен ұн,ашытқы және судан(сүттен)ашытпа дайындайды содан соң қамыр илейді.Ашытпа үлкен көлемде сұйықтық (сүт неме се су),барлық ұнның ¼ бөлігі рецептура бойынша ашытқының барлығын қосып дайындайтын сұйық қамыр.
Ашытқылы немесе қышқыл деп те аталатын қамыр қаусырма,ватрушка,тоқашнан т.б.өнімдерді дайындауға қолданылады.
Ашытқылы қамыр түрлері:
.нан пісіруге арналған қамыр құрамына ұн мен су кіреді. Көп жағдайда қамырға тұз қосады. Кейбір өнімдерге дәмдеуіштер (зире дәндері),жаңғақ, мейіз, өрік және күнжіт, көкнәр дәндерін қосады.
.дәмділенген ашытқылы қамыр. Мұндай қамырға қантпен майдың қамыры ұн көлемінен шамамен 14%-дан артық болмауы тиіс. Дәмділенген нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді пісіруге қолданылады.
.ашытқылы қаттамалы қамырды ашытпа немесе ашытпасыз тәсілмен, қабаттарын жануар майы немесе сарымаймен қаттау арқылы дайындайды. Мұндай қамыр үлпілдеп, жұмсақ әрі үгілмелі болады. Одан түрлі қаусырма, тоқаш нан, ватрушка, жұқа қаттама нан т.б.дәмді өнімдерді дайындайды.
Ашытқысыз қамыр илеу тәсіліне қарай қаттамалы,үгілмелі,қайнатылған,бисквитті болуы мүмкін.
Қамыр консистенциясы өнім түріне байланысты.Мәселен,құймақ,вафли,бисквит үшін сұйық қамыр иленеді; тоқаш нан,орама,қою қамырдан жасалады.Тұшпара мәнті,кеспе дайындауға қамыр қатты етіп иленеді.