Ұн өнімдерін дайындауға арналған негізгі азық-түліктер Ұн-бидай,қарабидай,күріш дақылдарын үгу нәтижесінде алынатын ұнтақ тәріздес өнім.
Ұн сапасы түсіне, иісіне және дәміне қарай ажыратылады.
Қамыр түріне қарай ұн өнімдерін дайындау барысында келесі азық-түліктер қолданылады.
-сұйықтық (су,сүт,айран және т.б.);
-жұмыртқа;
-майлар(сарымай,өсімдік майы немесе маргарин ,қант);
Ас тұзы (маңызды дәмдеуіш зат, сондықтан оны тәтті қамырға шамалап қосады);
Сарамандық жұмыс. Ас–адамның арқауы,
Тоқшылыққа тартады.
Дәмді болса асыңыз,
Мерейіңіз артады-деп, манадан бергі алған білімімізді сарамандық жұмыс пен жалғастырамыз. Сарамандық жұмысқа өрік қосылған құймақ дайындаймыз.
Интерактивтік тақтадан (слайд) құймақтың түрлерін көрсету.
Нұсқау картамен таныстыру.
Құрал-жабдықтар мен ыдыстар :миксер, шайқауға арналған тостаған, асқасық, таба, елеуіш, шанышқы, пышақ, тәрелке.
Азық-түлік
Мөлшері
Ұн
Сүт
Жұмыртқа
Қант
Өсімдік майы
Өрік (сүйексіз)
Ас содасы
Ванильді қант
1ст
1ст
5 дана
3 ас қасық
3 ас қасық
400 гр
1,4 шай қасық
1 пакет
Дайындалу технологиясы:
1.Жұмыртқа, сүт, өсімдік майы, қант және ұнды араластыру.
2.Дайын болған қоспаны миксермен араластыру.
3.Қамырды жауып 10 минут қоя тұру.
4.Өрікті ұсақтап турап, сода және ванильді қантпен бірге қамырға қосып, миксерде шайқау.
5.Құймақты жақсылап қыздырылған табада екі жағын кезекпен қуыра отырып пісіру.
6.Дайын болған құймақты тәрелкеге салып, ыстықтай дастарқанға қою.
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.
Санитарлық – гигеналық талаптарды сақтау.
Сарамандық жұмыс:
Оқушыларды 2 топқа бөліп,топ басшысын сайлап, нұсқау картаны басшылыққа ала отырып,құймақ дайындайды.
Бірінші топқа тапсырма: «Өрік қосылған» құймақ
Екінші топқа тапсырма: «Қаймақ немесе тосап қосылған» құймақ.
2 топтан 1 оқушыдан мақал-мәтел, тыйым сөздер айту, қауіпсіздік ережелерді сұрау.
Сарамандық жұмысты қорытындылау.