Сабақтың тақырыбы : Ұннан жасалған өнімдер



бет1/5
Дата17.10.2022
өлшемі61,45 Kb.
#43700
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
жасалған-өнімдер-сабақ-үлгісі


Атырау облысы.Қызылқоға ауданы.Миялы селосы
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Оңғарбаева Күміс Серікбайқызы


Сабақтың тақырыбы: Ұннан жасалған өнімдер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұннан жасалатын тағамдардың дұрыс пайдалануының әдіс-тәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: ұн тағамдарының дайындалуы мен құнарлылығы жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу,оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру,оқушылардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды шеберлікке,ұқыптылыққа,үнемділікке,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,өз бетінше сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,таратпа карточкалар,буклет,тест сұрақтары,слайд
Сабақтың жүрісі: I.Ұйымдастыру кезеңі
.оқушылармен сәлемдесу;
.оқушыларды түгендеу;
.оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу;
.оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Балықты жылумен өңдеу түрлерін атаңдар?
(Қайнату,бөктіру,қуыру,бұқтыру,көмештеу).
2.Балықты қайнатудың мәнісі неде?
(Қайнату үшін балықтың барлық дерлік түрлері қолданылады.Балықты тұтастай немесе кесектеп татымдылығына қарай(лавр жапырағы,түйіршікті бұрыш,ақжелкен,балдыркөк,түйінді пияз және т.б.) қосып,ұсағын 10-15 минут,орташа көлемділерін 15-20 минут қайнатады).
3.Балықты ұнға аунату дегеніміз не?
(Ұнға аунату-аспаздық өнімдерді қуыру алдында қосымша өңдеу тәсілі.Ұнға аунату арқылы қуырылған әдемі қабыршақ пайда болады,өнім сөлінің бөлінуін және судың буға айналуын азайтады,қуыру барысында балықтың табаға жабысуының алдын алады).
4.Клярды неден дайындайды?
(Кляр-өнімдерді қуырар алдында малатын жартылай сұйық қамыр.Клярды бидай,күріш немесе қара бидай ұнына жұмыртқа қосып немесе жұмыртқасыз,минералды су қосып,ірімшікпен және түрлі дәмдеуіштермен әзірлеуге болады.Балық филесі кесектеріне лимон шырынын себереп,клярға малады да,табаға салып қуырады.Балықтың сырты қызарып,қытырлақ қабыршақ пайда болады,ол ішкі жағы сөлді әрі жұмсақ болып піседі).
5.Балықты қуыру тәсілдері туралы әңгімелеңдер.
(Қуыру үшін балықтың порциялық кесектерін ұнға немесе кептірілген нан ұнтағына аунатады бұл балықты қуыру кезінде сөлін сақтау үшін қажет.Балықты қуырудың екі тәсілі бар:негізгісі аз ғана майда және фритюрде қуыру.Балықты өсімдік майына қуырған дұрыс).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет