Сабақтың тақырыбы : «Өткеннің ұлы тұлғалары»
Бес ғасыр адам кіріккен сабақ
Жер бетінде бір мекен бар киелі. Деп айтады ән менен жыр күй елі Сұлу сырдың бойындағы иранбақ Атың қандай сүйкімді еді Шиелі. Биікке ел көтерсе құламайды Кім білмес сөзге жүйрік Бұдабайды Айналып кеткен қазір аты аңызға Есабыз, Оқшы ата, Асан қайғы Қарасаң Әбділдә ақын ол бір бастан Өтпейді Шиеліге бір қонбастан Сырласып Сыр бойының диқанымен Кетеді жазып өзі бір-бір дастан. Шығар еді тұлға қайдан, нар қайдан Ел болмаса мәртебесі марқайған Шиелінің ән-жыры мен думаны Басталады Иманжүсіп, Нартайдан Кіріспе Тарихшы: Г.Жүнісбекова АҚЫННЫҢ ЕЛІ, БАТЫРДЫҢ ЖЕРІ Шиелі өңірі – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысынан орын тепкен киелі мекен, талай тарихи оқиғаның куәсі болған байырғы өлке. Шығысында – алты Алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаһары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені мен Таңбалы тас тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты Телікөл де осы өңірде. Батысы – облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке Қызылқұм тұр. Шиелі ауданында Қаратау сілемдеріндегі «Сауысқандық» шатқалындағы жақпар тастарға қашалып салынған суреттер, яғни, петроглифтер біздің эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдарға жатады. «Сауысқандық» шатқалы 500 гектар аумақты алып жатыр. Шатқалдағы тастарға 12 мыңдай суреттер салынған. Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтерден басталады. Бұл ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұрамыз – асыл қазынамыз. Адал еңбек пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен облысымызда 102 Социалистік Еңбек ері шықса, соның 41-і Шиелі ауданынан екенін өңір жұртшылығы мақтанышпен айтады. Шиеліні ақын Нартай Бекежановтың, дән атасы Ыбырай Жақаевтың, Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың, ғалым Шахмардан Есеновтің, қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Әбділда Тәжібаевтың елі ретінде жұртшылық жақсы біледі. Бұл есімі аталған кісілердің барлығы да ғасыр адамы деп танылған, келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін саналы ғұмырларын сарп еткен тау тұлғалы азаматтар.Аттары аңызға айналған жеті әулие – Оқшы ата, Есабыз әулие, Ғайып әулие, Бала би, Досбол би, Қыш ата осы өңірдің киелі топырағында дүние есігін ашып, өмір сүріп, еліне адал қызмет етіп, осында мәңгіге байыз тауып жатыр. Халқына Жерұйық іздеген Асан Қайғы бабамыздың бейіті де осы өлкеде. Ендеше осы «Бес ғасыр адам» туралы сіздерге толық баяндама жасап, кеңінен түсіндіретін мамандарға кезек береміз. жүктеу/скачать 19,36 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |