Оқушы: Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,
Н.Назарбаев
Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Оқушы: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.
Гүлайым: "Қазақстан-республикам менің" Бойымда-жігер,тұрғанда сенім, Жалындап өтем жолында сенің! Өзіңсің мәңгі бақытым барым Қазақстан-Республикам менің!
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім, Құрбаным болам, жолыңда сенің! Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса, Сүйікті Отан,сүйікті елім!
Айналдым сенің атыңнан,қазақ, Ел болдың еркін,ақ пейіл,азат! Желбіреп тұр ғой төрімді биік. Көк туың көркем,жібектей ғажап!
Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалында жастар,сендерсің сәнім! Беретін бойға күш-қуат,жігер, Шырқалсын шаттық, Әнұран әнім! Қазақстан - Республикам менің
Ринат Қ.Аманжолов "Туған жер" Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың,ұқсайсың жас балаға. О, шеті мен бұ шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?
Уа,дариға,алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! Нендей күйге жүрегімді бөледің? Сенде тудым,сенде өстім мен,сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Мен өзіңдей байтақ едім,кең едім, Қызығыңды көріп еркін келемін. Сен де аямай бердің маған барыңды, Мен де аямай барым саған беремін.