Сабақтың кезеңдері / Уақыт
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексереді. 5 «Т» ережесі.
Мұғалім «Су асты патшалығына саяхат» жағымды көңіл күйге келу жаттығуын өткізеді.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, 5 «Т» ережесін еске түсіреді. «Су асты патшалығына саяхат» жасап, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.
|
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Слайдтар, АКТ
|
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
«Менің қызыққа толы демалысым» тақырыбында эссе жазу.
Сұрақтар:
- Жазғы демалысты қалай өткіздің?
- Жаз айын несімен ұнатасың?
- Демалыс кезінде кімге қандай жақсылық жасадың? Әңгімелеп бер.
|
Оқушылар сұрақтардың көмегімен жаз айын қалай өткізгені туралы әңгіме жүргізіледі.
|
Жазғы демалысқа арналған түрлі-түсті суреттер.
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
(3-4 мин)
|
Дәйексөз
Алдымен өзіңді – өзің таны.
Сократ
Сұрақтар:
1. Өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесің?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
Оқушылар Сократтың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.
|
Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
Бейне көрсетілім
https://www.youtube.com/watch?v=6Jx29DNEaME
Сократ туралы бейне көрсетілім
Сұрақтар:
Сократ деген кім?
Ол қарапайым адамдармен не жайлы әңгімелесуші еді?
Сократты не үшін қамауға алды?
Жазадан құтылу үшін Сократқа қандай шарт қойды?
Сократ елінің адал азаматы екенін қалай көрсетті?
Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың?
|
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады.
|
«Ұлылардан ұлағат» топтамасынан.
|
5. Шығармашылық жұмыс
(12-15 мин)
|
Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады:
1-тапсырма. Постер қорғау
Оқулықта берілген грек даналарының нақыл сөздерімен танысып, оны көкейлеріне түйіп алу тапсырылған. Бұл даналықпен айтылған нақыл сөздерде келтірілген ар, сөз, ақыл, ұят, білім сияқты құндылықтардың мәнін жете түсініп постер қорғау.
2-тапсырма.
Сократтың нақыл сөздерін оқып, дәптердегі «Қос жазба күнделігін» толтыру.
3-тапсырма.
Өз ойларынан қанатты сөздер ойлап тауып, дәптерлеріне жазу.
|
Оқушылар өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.
|
Баяу әуен қойылады. Тапсырманың шарты айтылады. 10минут уақыт беріледі.
|
6. Үй тапсырмасы
(1-2 мин)
|
Оқулықтан №2 сабақ 8-бет
Оқиғалар топтамалары (Эзоп)
Оқиғаларды оқып, талдау сұрақтарына жауап беру.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазады.
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
7. Топпен ән айту
(2-3 мин)
|
Бала тілегі
Өлеңін жазған:
Сержан Молдасанұлы
Әнін жазған: Фарида Жолдасова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан –байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершінмін көгімде
Мұңаймасын ешбір бала елімде
Ата берген батаменен көркейсін
Ұлы Отаным тілегім сол меніңде
|
Оқушылар мұғаліммен бірге әдемі нотада ән шырқалады.
|
Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.
|
8. Сабақтың қорытынды сәті
(1 мин)
|
Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.
Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Баяу композиция қойылады.
|