Сабақтың тақырыбы 1-БӨлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» Сабақ мақсаты



Дата11.11.2022
өлшемі21,16 Kb.
#49398
түріСабақ

Сабақ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

1-БӨЛІМ: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Сабақ мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, академиялық әділдік.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

тарих: ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика



АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint, сілтемелер

Бағалау критерийлері:

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Дескрипторлар:

шығарманың негізгі ойын анықтайды;
- шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді;
- шығарма бөлшектерін талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.
Зар заман ұғымы,отарлаушылардың озбырлығы мен сұрқия саясаты
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: зар заман, тар заман, азулы, азусыз,хал кету, пара алу, тәубеден жаңылу т.б.
Пән лексикасы және терминология:
Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі....

Осыған дейін меңгерілген білім

Зар заман, зар заман ақындары туралы білетіндері сұралады.


Жоспар

Уақытты жоспарлау




Дереккөздер
Дид.материал


Басы

6 мин

Ортасы
31 мин




Қызығушылықты ояту
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақтағы білімдерін пысықтау.
Миға шабуыл
С.
Ш.Қанайұлының«Зар заман»өлеңінің мәтіні беріледі
А тобы өлеңге қысқаша шолу жасайды.
В тобы сұрақтар қояды:
1.Шортанбай заман өзгерісін қалай жырлады?
2. Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді?
С тобы сараптама жасайды.Нәтижесінде шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектеріне талдау жасалу керек.
ТЖ
1) Өлеңде ақын «Сол себепті қорқамын!» деген жолды бірнеше рет қайталайды. Автор
неден қорықты деп ойлайсыз?
2) «Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман» - деп, ақын қай заман туралы айтып отыр? Оның «зар заман»
деуінің мәні неде?
3) Шығарманың мына бөлігін талдап көріңіз. Халық қандай күй кешіп отыр деп ойлайсыз?
«Пирамидалық талқылау» әдісі


Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.



А4 парағы





Кері байланыс
Тапсырманы орындау қаншалықты қиын болды?
Келешекте неге назар аударар едіңіз?




Соңы
3 мин



Үйге тапсырма: Ш.Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет