Сабақтың тақырыбы: 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Өз елім» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл ұстайды.
1 - оқушы:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
2 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.
3 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
4 - оқушы:
Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
Би: «Туған ел».
5 - оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
1- оқушы: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
2 - оқушы:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
3 - оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
4 - оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ән: «Дос болайық бәріміз».
5 - оқушы: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір - бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
1 - оқушы: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
2 - оқушы: Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Көрініс: «Бірлік».
3 - оқушы: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
4 - оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.
5 - оқушы: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
1 - оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.
2 - оқушы: Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс құт тұтқасы,
Ынтымақ, туыстық
3 - оқушы: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән: «Ақ көгершін».
4 - оқушы: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
5 - оқушы: Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға шақырамыз.
1 - оқушы: Әй, әлемнің әділ жанды балалары, Әкелер мен атайларға айтайық!
Хормен: Ажал оғын атпасын,
Тыныштықты сақтасын!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»-
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аққұдық негізгі орта мектебі» КММ
4 сынып
Сынып жетекшісі:Бегжанова Г.К.
2022-2023 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |