Павлодар педагог кадрларының біліктігін арттыру институты
Тақырыбы:
1867-1868 жылдардағы
Қазақстандағы реформалар
Дайындағандар: Ғазиз А.Ғ.
Кадырханова Н.М.
Мамадалиев М.У.
Балтабаев Ж.Б.
Павлодар, 2013 жыл
Сабақтың тақырыбы:
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867-68 жылғы
реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру
Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-
жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу
дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру,
тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу,
Отанымыздың тарихын қастерлеп,бағалай білу, имандылыққа
тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Білім» биржасының акцияларын сатып алу.
1.«Жасырын сұрақ » акциясы. 5 ұпай (слайд көрсету)
ІІІ.Жаңа тақырып :
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
І тапсырма. Реформа не үшін қажет болды?
Жоспар:
1. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және барысы.
2.Реформалардың басталуы.
3.Басқарудың ерекшіліктері.
4.Реформаның отаршылдық сипаты.
5. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жерінің біріктірілуі.
ІI. Тапсырма «Жобалау» акциясы. Акция құны 3 ұпай. (слайд көрсету)
1- топ. Реформа жүргізудің себебі мен барысы анықтаңыз.
2- топ. Реформаның басталуы мен басқару ерекшелігін табыңыз.
III. Тапсырма «Салыстырмалы эссе» акциясы. Акция құны 5 ұпай
Екі топқа арналған
ХІХ ғасырлардағы реформалардың
ерекшеліктерін анықтаңыздар
1822-24ж.реформа 1867-68ж.реформа
Жер аумағы
Билік сатысы
Генерал –губенарторлары
Қалай жүзеге асты?
Нәтижесі қалай болды?
ІV.Жаңа тақырыпты қорытындылау
«Аукцион»: (Әрбір топ сұрақтарға
қолындағы стикерлерін көтеру арқылы жауап беруі тиіс.)
1. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін
құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: (Ф.Гирс).
2. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге
асырылған:(Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау).
3. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-
ғалымы:(Ш.Уәлиханов).
4. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген
жыл: (1867 ж. 11 шілде).
5. «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала
облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл: (1868 жылы 21
қазан).
6. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес,әскери-губернаторлар басқарды.
7. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы
ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: (100-200).
8.«Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны: (Билер мен қазылар
соты).
9. «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар
сотын бекіткен: (Әскери губернатор).
10.«Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: (Қазақ жері Ресей үкіметінің
меншігі болып жарияланды).
11. Облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: (Шаруашылық, сот,
жарлықты іске асыру).
12. «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар: (Шыңғыс тұқымдары).
13. «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі
ақсақалдар қолына берілген облыс: (Сырдария).
14.«Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:
(Маңғыстау приставтығы).
15.«Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз
жүргізуге рұқсат берген әкімшілік: (Түркістан генерал-губернаторлығы)
16. «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ: (Сырдария облысы).
17. «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: (Уезд).
18. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты
Ш.Уәлиханов айтқан пікір: (Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта
құруды талап етті).
19. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ:
(Астрахань губерниясы).
20. «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-
губернаторлық: (Батыс-Сібір).
21. Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: (генерал-
губернатор).
22. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ
өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын: (Батыс, Шығыс).
23. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру
туралы» Ереже қабылданған жыл: (1868 жылы).
24.1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:
(Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту).
25. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты: (1824 жылы).
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
бағалар
Оқушының бағасы
Мұғалімнің жиынтық бағасы
5
20 балдан жоғары
4
15 балдан жоғары
3
10 балдан жоғары
2
10 балдан төмен
ҮІІІ. Үйге тапсырма.§28 194-201 беттер
Сілтемелер: Ж.Қасымбаев, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаев 8 сынып оқулығы