Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар Сабақтың мақсаты  Білімділік



Pdf көрінісі
Дата31.01.2017
өлшемі246,15 Kb.
#3106
түріСабақ

Павлодар педагог кадрларының біліктігін арттыру институты 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тақырыбы: 

1867-1868 жылдардағы 

Қазақстандағы реформалар 

 

        



 

 

 



 

 

Дайындағандар: Ғазиз А.Ғ. 

Кадырханова Н.М.  

Мамадалиев М.У. 

Балтабаев Ж.Б. 

 

 

 



 

 

Павлодар, 2013 жыл 



Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар 

  

Сабақтың мақсаты 

 

Білімділік: Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867-68 жылғы 



реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру  

 



 Дамытушылық:  Жүйелі  ойлау  мен  талдай  білу,  оқушының  жан-

жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу 

дағдыларын  жетілдіру,  еркін  сөйлеп,  ойын  жеткізе  білуге  үйрету, 

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 

 

Тәрбиелік:  оқушының  бойына  ұлтжандылық  сезімін  қалыптастыру, 



тарихи  оқиғаларды  объективті  жағынан  қарауға  тәрбиелеу, 

Отанымыздың  тарихын  қастерлеп,бағалай  білу,  имандылыққа 

тәрбиелеу 

 

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 

 «Білім» биржасының акцияларын сатып алу.   

 

1.«Жасырын сұрақ » акциясы. 5 ұпай (слайд көрсету) 



ІІІ.Жаңа тақырып : 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар 

І тапсырма. Реформа не үшін қажет болды? 

Жоспар: 

1. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және барысы. 

2.Реформалардың басталуы. 

3.Басқарудың ерекшіліктері. 

4.Реформаның отаршылдық сипаты. 

5. 1867-1868  жылдардағы реформа бойынша   қазақ жерінің біріктірілуі. 



ІI. Тапсырма   «Жобалау» акциясы. Акция құны 3 ұпай. (слайд көрсету) 

1- топ.  Реформа жүргізудің себебі мен барысы анықтаңыз. 

2- топ. Реформаның басталуы мен басқару ерекшелігін  табыңыз.  

III. Тапсырма  «Салыстырмалы эссе» акциясы. Акция құны 5 ұпай  

Екі топқа арналған 

 

ХІХ ғасырлардағы реформалардың 



ерекшеліктерін  анықтаңыздар 

 

 



 

1822-24ж.реформа                                                          1867-68ж.реформа 



Жер аумағы 

Билік сатысы  

Генерал –губенарторлары  

Қалай жүзеге асты? 

Нәтижесі қалай болды?  

 


 

ІV.Жаңа тақырыпты қорытындылау «Аукцион»: (Әрбір топ сұрақтарға 

қолындағы стикерлерін көтеру арқылы жауап беруі тиіс.) 

1. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін 

құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: (Ф.Гирс).  

2. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге 

асырылған:(Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау).  

3. Әкімшілік  басқару жүйесіне өз пікірлерін  ұсынған қазақтың ағартушы-

ғалымы:(Ш.Уәлиханов).  

4. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген 

жыл: (1867 ж. 11 шілде).   

5. «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала 

облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген  жыл: (1868 жылы 21 

қазан).  

6. 1867-1868  жж. реформаларға сәйкес,әскери-губернаторлар басқарды.  

7. 1867-1868  жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы 

ауылдардың ішіндегі  шаңырақ саны: (100-200).   

8.«Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны: (Билер мен қазылар 

соты).  


9. «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар 

сотын бекіткен:  (Әскери губернатор).  

10.«Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: (Қазақ жері Ресей үкіметінің 

меншігі  болып жарияланды).  

11. Облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: (Шаруашылық, сот, 

жарлықты іске асыру).  

12. «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар: (Шыңғыс тұқымдары).  

13. «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі 

ақсақалдар қолына берілген облыс: (Сырдария).  

14.«Ережеден»  кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері: 

(Маңғыстау приставтығы).   

15.«Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз 

жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:  (Түркістан генерал-губернаторлығы)  

16. «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:  (Сырдария облысы).  

17. «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік  буыны: (Уезд).  

18. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты 

Ш.Уәлиханов айтқан пікір:  (Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта 

құруды талап етті).  

19. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік  аймақ: 

(Астрахань губерниясы).  

20. «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-

губернаторлық: (Батыс-Сібір).  

21. Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: (генерал-

губернатор).  

22. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ 

өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын: (Батыс, Шығыс).  



23. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру 

туралы» Ереже қабылданған жыл: (1868 жылы).  

24.1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты: 

(Әкімшілік,  сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту).  

25. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты: (1824 жылы). 

 

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.  



 

бағалар 


Оқушының бағасы 

Мұғалімнің  жиынтық бағасы 

20 балдан жоғары



 

 



15 балдан жоғары

 

 



10 балдан жоғары

 

 



10 балдан төмен 

 

 



ҮІІІ. Үйге тапсырма.§28  194-201 беттер 

Сілтемелер:  Ж.Қасымбаев, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаев 8 сынып оқулығы 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет