Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Математика
|
Бөлім:
|
Өзім туралы. Менің мектебім
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
1 сынып
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
№26 сабақ. Заттар мен фигуралардың қасиеті
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
1.4.1.2 жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша жіктеу;
1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру;
1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Фигуралар мен заттардың қасиетін ажыратады, салыстырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу Түсіну
Фигуралар мен заттардың қасиетін біледі, ажыратады, салыстырады
Үйренген білімін сабақ барысында қолданады
|
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут
Сабақ
тың ортасы
20 минут
Сергіту сәті
2 минут
Сабақты қорыту
6минут
Қосымша тапсырма
2минут
Кері байланыс
5 минут
|
Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
«Бұл не? Ол кім?» әдісі
Мұғалім оқушылардан олардың сыныптан және терезеден көріп тұрған заттарын атауды сұрайды.
-Бұл кім?
-Мұғалім
-Ол не?
-Ағаш.
Өткенді пысықтау
«Пішіндерді ата» ойыны
Тақтада ілулі тұрған пішіндердің атын ата, салыстыр. Олардың ерекшеліктерін айт.
Нүктелерді қосу арқылы фигураларды салып көріңдер.
Тақырыпты ашу
Оқушыларға жеке немесе жұппен жұмыс жасау үшін геометриялық фигуралар жиынтығын үлестіру
Бұл фигуралар қандай фигуралар?
-Фигураларға қараңдар, олар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
Оқушылардың назарын заттардың кішкентай және үлкен, олардың әртүрлі түсті және әртүрлі пішінді болатынына аудару.
Жаңа тақырып
№1 тапсырма
Дөңгелек пішінді заттарды ата.
Қызыл түсті заттарды ата.
Мұғалім белгілі пішінді фигураны көрсетеді – балалар суреттен осындай пішінді затты атайды.
– Біз бүгін заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша ажыратуға және салыстыруға үйренеміз.Жазық және кеңістіктік фигураларды тануды және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіруді үйренеміз.
Суреттегі жазық фигураларға ұқсас заттарды ата (картина, терезе, кілем т.б.)
Кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды ата (доп, қалпақ, қолшам, құрастырушы текшелер т.б.) Фигуралардың суретімен карточкалар ұсынады: жазық және кеңістіктік. Оларды екі топқа бөлуді ұсынады.
ФС тапсырмасы
2-тапсырма
Геометриялық фигуралар қиып алып, олардан аппликация құрастыр.
-Балалар қандай аппликация құрдық?
-Зымыран
-Аппликация қандай фигуралардан тұрады?
-Шаршы, үшбұрыш
.
ЕБҚ
Фигуралардан үй құрастыр
Жұптық жұмыс
№3 тапсырма
Бір затты таңда. Оның орналасқан орнын мына сөздермен сипатта: алдында – артында, оң жақта – сол жақта, жоғарыда – төменде, арасында, жанында, үстінде, астында, ішінде, сыртында, ортасында.
Досыңнан ол затты тауып, атауын айтуды сұра.
Суреттегі жазық фигураларға ұқсас заттарды ата
Кеңістіктік фигураларға ұқсас заттарды ата
|
Достарыңызбен бөлісу: |