«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» Ғ. Мұстафин.
Ғабиден Мұстафин (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1985, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
Сұрақтар: 1. Біз шындықтан қаша аламыз ба?
2. Шыңдық шыңы – ақиқат – деген пікірге қосыласыз ба?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Жалғанның шындығын ашпай, ақиқат ауасы еш уақытта жылымайды. Шындықтың беті ашылған кезде адамның шынайы бейнесі ашылады. Адасу жолының мыңдаған жолы болғанымен,одан шығудың бір ғана жолы- ақиқат болып табылады
Оқушылар Франсуа де Ларошфуконың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.
Презентация, слайд. Жұмыс дәптерлері.
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (4-8 мин)
Наурыз«Үш елек» Бір адам Сократтан былай деп сұрапты.
— Сенің досыңның маған не айтқанын білесіңбе?
— Сәл кідір,-деп оны Сократ тоқтатты,алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен өткіз.
-Үш електен?
— Бірдеңе айтпас бұрын,алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен.
Оның шындық екеніне көзің жете ме?
-Жоқ мен тек естідім.
-Онда сен ол шындық па,жоқ па,оны білмейсің.Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік.
Менің досым туралы жақсы нәрселер айтпақшысың ба, әлде жоқ па? Соны ойлан.
— Мен тек естідім.
-Бірақ ол шындық па,жоқ па өзіңде білмейсің.
Үшінші електі қолданып көрейік.Сен айтқың келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет пе?
-Жоқ,ондай қажеттілігі жоқ.
-Сонымен,- деді Сократ,-Сен айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ
Оны айтудың қажеті не?