Сабақтың тақырыбы 7-сабақ. Абай ұлы ақын Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#126137
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут


Сабақты шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілеуден бастайды.
Мен саған ... тілеймін
Оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін білдіреді.
-Рахмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы лебіздер естідік. Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар...
-Балалар, шаттық шеңберінде тұрған кезде сендерден үйге берілген тапсырманы сұрағым келіп тұр.
(Үй тапсырмасын «Допты ұстап ал» ойыны арқылы тексеру. Ол үшін допты мұғалім лақтырғанда, допты қағып алған оқушы Абайдың өлеңінен үзінді оқып береді, егер дайын болмаса, допты басқа оқушыға береді. Ол келесі оқушыға лақтырады. Солай жалғаса береді.
Топқа бөлу тәсілі: «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздардың әрқайсысын топ құрамындағы оқушылар санына байланысты қиылып, араластырылады. Оқушыларға таратылып беріледі.Олар қиықтардан бүтін сурет құрастырып, сол бойынша топ құрап, орындарына отырады.
Ой қозғау. «Ребус» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. Тақтада көрсетілген суреттердің атауларын (ұшақ, қарлығаш, аққала, орындық) таба отырып, шешуін айтады.(Жауабы: Ұлы ақын).

Оқушылар өз ойларын айтады.
-«Дұрыс таптыңдар. Олай болса, өткен сабақта «Бала Абай» туралы айтқан болсақ, бүгінгі сабақ тақырыбы:«Абай – ұлы ақын» - екендігін айтады.




Сабақтың ортасы
25 минут

Жаңа сөздерді сурет, анықтама беру, синонимдер арқылы меңгерту.







- Бұл ненің суреттері?
- Кітаптың суреті.
- Кітапты кім жазады?
- Олай болса, белгілі бір автордың жазған туындысын шығарма деп атаймыз.











-Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс, пернетақта.
- Пернетақтаға не жапсырылған?
- Әртүрлі елдің тулары бейнелеген жапсырмалар жапсырылған. Әр елдің өз тілі бар. Бір тілден екінші тілге көшіріп айтып беруді, баяндауды аудару деп атаймыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Оқыған/тыңдаған сөз тіркестерін, мәтінді түсіну.
Сөйлемдерге сұрақтар құру.
Жалғауларды дұрыс қолдану.


Оқылым. Айтылым. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды, мазмұнымен танысады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет