Байланысты: Абай әндері «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас»
Абайтану 9- сынып
Сабақтың тақырыбы:
Абай әндері :«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас»
Сабақтың мақсаты:
Қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың әндерінің ерекшелігін таныту, әндері өмірмен байланысты туғандығына оқушылардың көзін жеткізу. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру. Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін бекіту, әндерінің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, әнді түсініп, айта білуге дағдыландыру.Оқушылардың білім, білік дағдыларын кеңейту арқылы шығармашылыққа баулу.
Нәтижесі
Әндердің мағынасын түсінеді. Құрылысын меңгеріп, талдау жасай алады. Тарихын біледі.
1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Абай өлеңдері немесе әндерінің екі жолын айту (3-5 мин)
2.Топқа бөлу
1-топ: «Сегіз аяқ»
2-топ: «Көзімнің қарасы»
3-топ: «Айттым сәлем, Қаламқас»
Білім
Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы тауып, мақсат қою /слайд/