Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев «Он жетінші қарасөзі»



Дата07.10.2022
өлшемі87,62 Kb.
#41764
түріСабақ
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Абай нанбаев «Он жетінші арас зі»


Абайтану

Мектеп

Күні

Мұғалім

Сынып 9

қатысқандар

қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Он жетінші қарасөзі»




Сабаққа негізделген оқу мақсаты



  • Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Қарасөздің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі

  • Тақырыбы мен идеясына талдау жасайды

Кейбір оқушылар

  • Мысалдар келтіріп, өз пікірлерін дәлелдейді

Құндылықтарды дарыту

Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру

Түйінді идея

«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі «Ән шырқау» әдісі
Оқушыларға көп тараған , кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған қағаздар таратылады.Ұқсас ән мәтіні бойынша тез арада топтасып, сол әнді бірлесе орындау арқылы топтарына жайғасады.
Ұсынылатын әндер:

  1. «Көзімнің қарасы»

  2. «Желсіз түнде жарық ай»

  3. «Айттым, сәлем, Қаламқас»

  4. «Сегіз аяқ»

«Ой шақыру» стратегиясы






Қарасөз

ққққаа














Сабақтың ортасы

Абайдың «Он жетінші қара сөзін» үнтаспадан тыңдау
Бүгінгі сабағымыз «5 қадам» әдісі арқылы өтеді.
1-қадам: Абайдың жетінші сөзін АКТ-ны пайдалану арқылы оқушыларға тыңдату. (Аудиоматериал)
2-қадам: Тыңдалған материал бойынша пікірлесу жұмысы жүргізіледі.
1-топ мәтіннің басы « қайрат»
2-топ – мәтіннің ІІ абзацы «ақыл»
3-топ – мәтіннің ІІІ абзацы «жүрек»
4-топ – мәтіннің соңы « ғылым»
Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін оқып түсінеді. Мәтіннің мазмұнымен түгел танысу үшін әр топтан 1 оқушыдан топтарға жіберіліп , өзге топ мүшелеріне өз топтарының мәтін бөлігін түсіндіреді . Нәтижесінде 4 топта мәтінің толық мазмұнымен танысады .
3 – қадам: «Ашық микрофон» әдісін пайдалану арқылы оқытушы тарапынан топтарға тақырып жайында сұрақ қояды.

  1. Қайрат , ақыл , жүрек не жөнінде таласты ? Әрқайсысы өз ісін қалай дәлелдеді?

  2. Олар неге ғылымға жүгінді?

  3. Ғылым оларға қандай төрелік айтты?

4.Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?

4-қадам: 2-қадамда пікірлескен тақырыптарын, постерге салады.


5 – қадам: Қорғау жұмысы жүргізіледі.
Түйін сөз:
« Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,
Сонда толық боласың елден ерек»
( Ұлы Абайдың мынандай сөзі бар . )
« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»
« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»

  • Осының бәрін үйрететін не ? ( ғылым)

( Сөздік жұмыс )
Мәдмәлат – мақсат , мұрат .
Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .
Нәфсі – құмар
Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім 











Қағаз, маркер



Сабақтың соңы


Қорытынды
Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ?
« Қарасөз» моделі бойынша сабақты қорытындалау .
17- қарасөздің мәселесі – адамдыққа үйрету ; түрі – айтыс , талас түрінде ; мақсаты – өсиет , ғибрат қалдыру .
Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» — деген .


Бағалау:Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
Кері байланыс
Бас бармақ – Бүгін мен жаңадан нені үйрендім (дағдыландым)?
Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?
Ортан терек – Менің көңіл-күйім?
Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?
Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

Үй тапсырмасы 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден , баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу , зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет