Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»


Өлеңге тілдік талдау жасайық



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі37,87 Kb.
#51852
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5-сабақ Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» (1)

5.Өлеңге тілдік талдау жасайық. Біз қазақ тілінен синоним сөзді өттік.
Асық - сөзінің синонимі ұмтылу, қашық – сөзінің синонимі аулақ болу.
Сөздікпен жұмыс:
Ғибратлі (арабша)
Үлгілі, өнегелі.
Нәфрәтлі (арабша)
Жиіркенішті.
Баптанба
Жайланба, жайбарақаттанба.
Мақтанба
Масаттанба, кеуде керме.
Шаттанба
Болмашыға қуанба.
Құмарлану
Әуестену, құштар болу.
Өсек
Біреуді сыртынан даттап, ғайбаттап айтылған жалған сөз.
Дұшпан
Қас, жау, залал келтіруші.
Талап
Ынта, ықылас, ұмтылушылық.
Қанағат
Тойымдық, барға ризалық, нысап.
Рақым
Адамгершілік, қайырым, мейірім, шапағат
6. Оқу тапсырмалары:
1-тапсырма
1-топқа:

  1. Ғылымсыз неге мақтана алмаймыз?

  2. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма?

  3. Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз?

2-топқа:

  1. Адам болу дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Автордың түйінді ойы қандай?

  3. Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады?

Дескрипторлар:

2-тапсырма.

Өлеңнен үзінділер

Үзіндіде қандай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байқадым?













Дескриптор:
-шығармадан үзінді келтіреді;
-алынған үзіндідегі қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтайды;
-өз ойын айтады.
Керек дерек!
«Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет