Қазақ әдебиеті, 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой - өрістерін кеңейту, рухани жан дүниелерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау дағ- дыларын дамыту. Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.
Көрнекілік: компьютер, слайдтар, Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы,
«қара сөздері», Абай энциклопедиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,
Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта
біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.
Абай атамыз бізге өшпес мұра - өлеңдерін қалдырды, ендеше біз оны кім деп білеміз?
Дұрыс айтасыңдар – ақын. Ол қандай тақырыптарға өлең жазған?
Жыл мезгілдері: «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» (слайд)
Тағы қандай тақырыптарға жазған өлеңдері бар?
Ғылым, білім жайлы: «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз», «Интернат-
та оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. (Оқушылар оқиды)
Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, оны тағы кім ретінде білеміз?
Әнші, композитор.
Қандай өлеңдеріне ән жазған?
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» т.б.
-Соңғы өлеңді кім жазған?
- Неміс ақыны Гете жазған, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов орыс тіліне, Абай атамыз
қазақ тіліне аударған. (слайд)
- Абай тағы кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
- А.С.Пушкин, И.А.Крыловтың шығармаларын.
- Сонымен, біз Абай атамызды әрі аудармашы ретінде білеміз.
Абай атамызды әр қырынан таныдық, енді бүгінгі сабақта даналық сөздері – қара
сөздерімен танысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |