Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері


Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді



бет3/6
Дата25.09.2022
өлшемі81 Kb.
#40120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.


V. Қорытынды. Абайдың қарасөздеріндегі нақыл сөздерді еске түсірейік.
1. Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық. 
2. Жаман дос - көлеңке: 
Басыңды күн шалса, 
Қашып құтыла алмайсың; 
Басыңды бұлт алса, 
Іздеп таба алмайсың. 
3. Досы жоқпен сырлас, 
Досы көппен сыйлас; 
Қайғысыздан сақ бол, 
Қайғылыға жақ бол. 
4. Қайратсыз ашу - тұл, 
Тұрлаусыз ғашық - тұл, 
Шәкіртсіз ғалым - тұл. 
5. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің,
бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің 
Оқушылардың өздері дайындап келген сөздерін тыңдайық. Нақыл сөздер жатқа айтылып, түсіндіріледі.(қысқаша аударма).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет