Ү. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Экологиялық ережерлермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады. Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?
Өзен көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?
Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің?
Сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:
Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жау, егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көлі өссін!
Ой мен қырдың шалғыны
Жатқан малды жасырсын!
Табиғаттың көркіне
Таңғалып, жан бас ұрсын!
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ.Үйге тапсыма беру 8, 9 бет оқу мазмұндау
ҮІІІ. Бағалау. Қатысқан оқушыларды бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мен адаммын(экономика «Еңбек өмірді жақсартудың негізгі құралы»)
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелдеу. Адамның тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Салыстыру, қорыту жжәне тұжырымдау біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамның табиғаттың бір бөлігі болуының өзі оның табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.