Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі18,69 Kb.
#134642
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Дүниетану сабақ жоспары шағын жинақталған мектеп 3 сынып


Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру
Тәрбиелік мақсаты: қоршаған дүниеге деген сүйіспеншілікті арттыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Психологиялық дайындық.
«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.
д енсаулық емделу ауа тамақ

д


табиғат
емалыс жануарлар

су өсімдіктер киік жәндіктер баспана


оқушылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу.
Тақтаға сурет ілінеді.

  • Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?

Оқушы жауаптары:

  • Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.

  • Зауыт бейнеленген. Зауыттың мқржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр.

  • Сынғын ағаштар. Бүлінген табиғат.

Сұрақтар:

  • Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?

  • Табиғатта бүлдіргендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру керек.

  • Жануарларға қамқорлық жасау керек.

  • Қоқыстарды өзен-көлге төкпей, арнайы қоқыс төгетін ерлерге төгу керек.

Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді.
Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады.

  • Экология – тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Эколог табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет