Табиғатты аялайық
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.
ІІ топ
Табиғат
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудыңатқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар.
Табиғат пен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
ІІІ топ
А мәтіні
Табиғатты қорғау Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Ә мәтіні
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ
Соңғы ғасырларда халқымыздың біз жоғалтқан жақсы қасиеттері аз емес. Қазақ қай заманда да табиғатқа табынып, өзін осынау ғаламат жаратылыстың бір бөлшегі сезінді. Бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы да қоршаған ортаға орай өрілген сол халықтың болмысында табиғатқа деген ықылас-ізет ерекше еді. Қыс-қыстау, күз-күздеу дейтін даласы мен тау-тасын пайдаланудың озық үлгісі төрт түлік малдың қамы ғана емес, жерге деген жанашырлықтан туғаны даусыз.
Бірақ сол киелі табиғаттың қадірін білген қазақтың бүгінгі ұрпағы білім мен ғылымның арқасында ғарышты бағындырдық деген астамшылық пен тұтынушылық көзқарасқа бой ұрды. Табиғатқа залал-зиян келтірсе оны қылмысқа балаған халық екеніміз де ұмытылуға таяу. Соның айқын дәлелі, қазіргі күні еліміздегі қоршаған ортаның хал-ахуалы алаңдататын дәрежеге жетті. Жыл санап жойылып бара жатқан жан-жануар түрлері, шектен тыс ластанған ауа мен су, дала мен қала толы қоқыс, осының бәрі біздің экомәдениетіміздің айқын көрінісі. Тазалықты өз ауласы мен үйінің төңірегінен асырмайтын тоғышар сана Планетаны қойып, «менің елім, жерім, қалам, далам» дейтін асқақ ұғымдарға да көлеңкесін түсіруде.
Киелі табиғат астамшылықты көтермейді. «Ертеңгі ұрпаққа не қалдырамыз?» деген сауалдың жауабы Жер атты құтты мекенімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеуге келіп тірелетіні анық. Адамзаттың өмір атты ауыр жүгін аманаттай арқалап, жалғыз серігі Айды айналған Жер атты ғажайып ғарыш кемесінің ғұмыры ұзақ болуы да бізге, адамдарға байланысты екенін қай-қайсымыздың есте ұстағанымыз абзал сияқты.
Көктем келіп, бүкіл табиғат оянатын шақта адамдардың ұйқылы-ояу санасы селт етіп, бір сәт Жер-Анамыздың да адами қамқорлыққа мұқтаж екенін терең ұғынса ғой..