Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Неге адам эмбриогенезінде эмбриональды және шарана кезеңді ажырататынын түсіндіреді.
2. Плацента дегеніміз не?
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Сұрақтарға жауап береді.
-Тапсырманы түсіндіріп, сипаттайды.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Зиготаның жатыр қабырғасына бекінуі қалай жүзеге асататынын сипаттайды.
2. Плацентаның маңызын түсіндіреді.
3. Ұрықтану кезеңдерін айтып сипаттап береді.
|