1. Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
2. Ұстаз деген ұлағатты сөз.
3. Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.
4. Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
Соңы
Қорытынды: Балалар осымен біздің ұстаздарға арналған «Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Балалар ұстазына тілектерін білдіреді.
Педагогтің аты-жөні
Есениязова С.О.
Күні:
Сынып: 1 «В»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Қарттарым асыл қазынам
Сабақ мақсаты
Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурс тар
Басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Психологиялық ахуал.
Ортасы
Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?
Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?
Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?
Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?
Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?
Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?
Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасйды.
Ой қозғау. Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?