Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл. Сабақ мақсаты


Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов



бет45/48
Дата18.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#118044
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
ҚМЖ тәрбие сағаттары

Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.
(білім шырағын жағу)
Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.



Тірек сөздермен жұмыс жасау.












Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:




Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су тіршілік көзі

Сабақ мақсаты

Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.



Ортасы

Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Таза суынан іштім.
- Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз?
- Күз мезгілімен.
- Дұрыс айтасыңдар!
- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Ал енді қай жыл мезгілі келіп жатыр?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Әке, ана, ата, әже
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит,
ағаш, мысық, жер т. б
- Балалар, қалай ойлайсыңдар,
күн, су, ауа керек па?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
- Табиғат
- Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат болып.
- Қане бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар,
құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар, балықтар жатады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!
Жұмбақ
Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып. (су)
(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).
- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.
(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)
Ғажайып сәт
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
Балалар сәлемдеседі.
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.
Балалар экранға назар аударады.
- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?

1. Судың да сұрауы бар.


2. Су анасы - бұлақ
Сөз анасы - құлақ
3. Сумен ойнама - батарсың
Отпен ойнама - жанарсың
4. Сулы жер - нулы жер
5. Су - табиғаттың ажары
Су - тазалықтың досы
6. Суды шашып ойнама

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.



Форма
тивті бағалау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



.


Соңы

Қорытындылау:
- Су қандай табиғатқа жатады?
- Өлі
- Бізге қонаққа кім келді?
- Тамшы келді.
- Адамдарға су не үшін керек?
- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.
- Өсімдіктер, жануарлар, балық -
тар сусыз өмір сүре ала ма?
- жоқ
- Судың иісі, дәмі,, түсі бар ма?
- жоқ
- Адамдар қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?
- тұщы су
- Ненің суретін салдық?
- жаңбырдың
- Суды үнемдеу керек пе?
- ия
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! 



Тірек сөздермен жұмыс жасау.











Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:




Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұқағали Мақатаевтың туғанына-90 жыл

Сабақ мақсаты

Ақын өмірі мен өлеңдері туралы оқушылардың жан – жақты білуі. Балаларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру. Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет