Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
|
Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Сынып 2
|
Кусинова Арай Бейсенбаевна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақылды күшік
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.
2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: мәтіндегі оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.
Оқушылардың көпшілігі: тілдік норманы сақтай отырып, әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді, сипаттайды.
Кейбір оқушылар: мәтінді оқиға желісімен мазмұндай алады.
|
Ойлау деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіндегі оқиғаларды, сипаттайды.
Тілдік нормаларды сақтайды, әңгімеге қатысады, сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Қарғыбау, құлақ, үйшік, құйрық.
|
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Менің мысығым ақ.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру. СЖ
«Шаттық шеңбер» трегингі. 1минут
Топқа бөлу. 1 минут
Оқушылар «үйшік», «қарғыбау», «сүйек» суреттерін таңдап, үш топқа бөлінеді.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу. 3 минут
- Қандай үй жануарларын білесіз?
- Жылқының төлін не деп атайды?
- Қойдың төлін не деп атайды?
- Ешкінің төлін не деп атайды?
|
|
Сабақтың ортасы 27 минут
|
«Миға шабуыл» әдісі. СЖ 4 минут
- Балалар, бейнежазбаны көріп, сұрақтарға жауап беріңіз.
- Ендеше, балалар, біз бүгін иттің баласы күшік туралы айтамыз.
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Иттер шамамен б.з.д. 10-15 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген.
Ит жеті қазынаның бірі. Иттің баласын – күшік деп атаймыз. Иттің пайдасы өте көп. Ит үйімізді күзетеді. Ол адамның досы.
|