Сабақтың тақырыбы Ай мен күн Осы сабақты қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/4
Дата21.01.2023
өлшемі424,23 Kb.
#62227
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
d0bcd0b5d0bd-d0bad2afd0bd-d29bd0bcd0b6-d0bcd0b0d0b9d180d0b0

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

  • Топқа бөлу.

Ай мен күннің суреттері бейнеленген қиындыларды құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.


Тақырыпты анықтау.
Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген? Суреттер бойынша өз ойларыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?» - деп оқушыларға сұрақ қою арқылы өтілетін сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызамын.

«Мозайка» әдісі

Сабақтың ортасы
1 минут

10 минут


10 минут

7 минут



7 минут

Қызығушылықты ояту
«Аспан әлемі» бейнежазбасы көрсетіледі


1-тапсырма
Иллюстрация «Суреттер сөйлейді» әдісі.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып қойып, кейіпкерлерін салыстыру.



1-сурет 2-сурет
«Күн» тобы 1-сурет бойынша әңгіме, немесе ертегі құрастырады
«Ай» тобы 2-сурет бойынша әңгіме немесе ертегі құрастырады
Дескриптор:

  • Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

  • Тақырып қояды

  • Кейіпкерлерді салыстырады

2-тапсырма
«Күн» тобына «Болжау» әдісі бойынша 3 сұрақ беріледі

  1. Күн батады ма, шығады ма?

  2. Суретте қандай құбылыс бейнеленген?

(күннің сәуле жиегі)
(көкжиек)



  1. Күнге қарауға болады ма?

«Ай» тобы «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі мәтінді оқып, тақырып қояды.
«Күн» тобы1,2,3 сұрақтарға өз болжам жауаптарын берген соң, «Ай» тобы 1,2,3 сұрақтарға мәтінге сүйеніп теориялық негізде жауап береді. Екі топтың жауаптары салыстырылып отырады. Негізгі және қосымша ақпараттарды алдына-ала жасалған қима-қағаздармен «Ішіне-сыртына» әдісі арқылы анықтайды.
Ішіне Сыртына
Күн неге батады, неге шығады? Бірақ, шындығында, күн батпайды және шықпайды. Жер өз білігінен сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа айналу арқылы Күнге біресе бір жағымен, біресе екінші жағымен қарайды. Ал бізге Күн шығыстан шығып, батысқа бататын тәрізді көрінеді.
Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде ол Күннің бетін көлегейлейді.Бұл күннің тұтылуы деп аталады. Әдетте, Жердің көпшілік бөлігінде жарым-жартылай тұтылу көрінеді. Айдың тұлғасы күнді толық жапқанда 7 минуттай түнек орнайды. Сол кезде Жерден Күннің сәуле жиегі көрінеді.
Күн көз шыдатпайтын жарық дөңгелек болып көрінеді. Егер бұлтсыз ашық күні бір-екі минут қарап тұрсаң, көзің басқа ештемені көмей қалады. Сондықтан күнге тіке қарауға болмайды.Күнге таңертең ерте және кешке қарай дәл көкжиекте тұрғанда қараған қауіпсіз.

Дескриптор:



  • Тапсырмалар бойынша өз болжамдарын айтады

  • Дәлелдейді

  • Тақырып қояды.

  • Ақпаратты анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет