Сабақтың тақырыбы: Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала»



Дата13.05.2022
өлшемі25,45 Kb.
#34316
түріСабақ
Байланысты:
12-сабақ. Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі




Мектеп:

Әли Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицей

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 7-сынып

Мұғалімнің аты-жөні:

Демес Самал

Күні

21.02.2022

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі

Оқу мақсаттары:

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау



Сабақ мақсаты:

Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін,әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды


Бағалау критериі:

Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін,әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

5 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сабағымыздың тақырыбы: Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі

Бүгінгі сабақта:


  • Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін,әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.

Презентация, оқулық.

4 минут

5 минут


10-15 минут

10 минут

Жаңа сабақ

Қызығушы-лықты ояту

Тапсырмалар


Үй тапсырмасын сұрау:Өткен тақырыптарға шолу жасау
Ойтүрткі

Соғыс туралы суреттер көрсетіледі

Топтастыру

«Соғыс» сөзіне топтастыру жасайды.

Жауап үлгісі: қатыгездік, қан-майдан, батырлық, адам шығыны, өлім.

Топтастыру тапсырмасына дұрыс жауап бердіңіздер деп ойлаймын.

Жақсы, балалар, соғыс жайлы жазған жазушылардың бірі Қасым Қайсенов туралы не білеміз?

Өмірі мен соғыс жылдары туралы ақпарат
Қасым Қайсенов

(1918 - 2006)

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң,1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Оларорысжәнеукраинтілдерінеаударылған.
«Шығарма кестесі» толтырыңыз.


  • 1.Шығарма аты- «Жау тылындағы бала»

  • 2.Авторы- Қасым Қайсенов

  • 3.Оқиға болған уақыт, кезең- ҰОС жылдары, 1941-1945жж.

  • 4.Оқиға болған жер- Украина жері

  • 5.Негізгі кейіпкерлер- Серік, Анна Ивановна, Борис

  • 6.Қосалқы кейіпкерлер-Константин Иванович Спижевский, Жомарт, Тамара

  • 7.Негізгі ой- Балалардың тағдыры және ерлігі

8.Шығарманың идеясы- Сұм соғыстың адамзатқа тигізетін зардабы.Бейбіт өмірді аңсау.
Дескриптор:

  • Шығарма мазмұнына байланысты кестені толтырады.



Оқу тапсырмасы:

Жау тылындағы бала шығармасының сюжеті бүгінгі күнге үлгі боларлық па? Өз пікіріңді 4 сөйлем әдісі бойынша білдір



«Төртсөйлем» тәсілі

  1. Пікір. Мәтіндегі бір оқиғаны бір сөйлем мен жеткізеді.

  2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіреді, өз пікірін дәлелдейді.

  3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.

  4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау


Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=xmIntFIX-qo



5 минут

Қорытынды

Бүгінгі сабақта:

  • Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін,әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдадыңыздар.

Үйге тапсырма:Соғысқа қатысқан батырлар туралы мәлімет ізденіп келу және шығарма бөлімдерін оқу.




















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет