Қыз бен жігіт айтысы әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,жұртты күлдіру үшін әзіл-қалжың ретінде, айтыла береді, бір-бірінің бойындағы кемшіліктер де сөз болады.
Ақындар айтысы- айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі.
|
Осы күнгі айтыстар
1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы жаңа түр.
2. Бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы.
3. Негізгі тартыс халыққа ортақ әләуметтік мәселелер.
4. Егемендіктің құдіретін жырға қосу.
5. Шебер өрілген сөз кестелері.
Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)
Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі
Ұлттық өнер Айтыс Екі ақынның өлеңмен
тартысы
Халық өмірінің көрінісі
Өнер жарысы
Сөз сайысы
«Венн» диограммасы . Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар
Халық ауыз әдеХалық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз биетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз Х
Халық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері
Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,
жариялылық басым, мерейтой иесіне
әлеуметтік мәселелер, арналады, бір- бірін
елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым
Бұрынғы айтыс ---- Ортақ айтыс ---------- Осы күнгі айтыс
1. Ру атынан шыққан -------------------- 1. Аудан, облыс атынан
2. Іздеп барып айтысады ---------------- 2.Өнер тыңдаушы халық. шыққан
3. Кез келген жерде өткен ------------ 3. Күні белгіленеді
4. Басып тастау ---------------------------- 4. Жеребе тастау арқылы
5. Тосын тақырып ------------------------- 5. Сахнада өтеді
6. Төреші - қауым ---------------------------6. Төреші-қазылар болды.
7.Демеушісі болады ---------------------- 7. Тақырыбы болады.
Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.
Айтыс музыкасы ойналады.
Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз.
Өмір - дерек. Біржан мен Сара өмірі.
1-топ . Біржан туралы
2-топ Сара туралы
Біржан мен Сара айтысы
БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ 1834 Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол деген жерде туған. Біржан үш ағайынды еді,ағалары Ержан мен Нұржан атакәсібі-мал бағумен ғана айналысқан.Ал Біржан болса,Тәңірінің берген өнерімен елден ерекше болып өседі.Өз әкесі Тұрлыбай,Қожағұл-Біржанның атасы.Бала бойындағы талантты тани білген атасы Қожағұл Біржанды өз бауырына басып,тәрбиелейді. 25 жаста ән шығара бастаған. 1865 Ұлы Абаймен кездеседі.1871 Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді.
Қазақ халқының айтыс өлеңдерінен ойып орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары айтысы – «Біржан мен Сараның айтысы». Жетісу өңірінде Сара атты әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын ақын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген. Бұлар бір-бірін көрмесе де, сырттай таныс, көрісіп, айтысуды арман етіп жүреді.
Біржан бір жолы қасына шәкірттерін, жолдастарын ертіп, Сараның еліне келеді. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір – екі ауыз сөз қағыстырады. Сараның қажы аулына кеткендігін естіп, оны іздеп сол ауылға тартады. Біржан келіп: “Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері” деп хабар салады, жұрт жиналып қалады. Осылайша екі ақынның айтысы басталып кетеді.
Бүкіл қазақ баласы білетін «Біржан – Сара айтысы» атақты екі ақынның өнер жарысы ғана емес, әлеуметтік теңсіздікті, әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар өнер туындысы болып саналады. Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы- әйел теңдігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сара- соның құрбаны.
Біржан мен Сара айтысының негізінде композитор Мұқан Төлебаев «Біржан–Сара» операсын жазды.
«Біржан» тобы
1. Айтыстың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
2. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?
3. Айтыскер ақынға тән қасиеттер
4. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
5. Әкесінің атыкім?
6. Біржанның руы?
7. Біржан Сарамен қай жылы айтысты?
8. Біржан қай жылы қайтыс болды?
«Сара» тобы
1. Айтыстың неше түрі бар?
2. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Сараның руы?
4. Сараны атастырған күйеуі
5. Тұрмыс құрған жұбайы
6. Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған?
7. Сара қай жылы дүниеден өтті?
Достарыңызбен бөлісу: |