Сабақтың тақырыбы: Айтыс. Айтыс түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту.
Тәрбиелік: оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ
Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, плакаттар, парақшалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылу лебіздерін білдіреді.
Сабағымызды бастамастан бұрын жасыл, қызыл түсті қағазбен 2 топқа бөлінеміз.
І-топ. «Өнерпаздар»
ІІ-топ «Ізденушілер»
Жаңа сабақ:
Бүгін сабақта біз халық ауыз әдебиетінің бір түрі - айтыспен танысамыз.
2. Сабақтың эпиграфы: «Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік
Айтыс туралы түсінік беру.
Айтыс-ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында, табан астында суырып- салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүние танымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихы байқалады.
Балалар ал,енді осы айтыс түрлерімен сызба бойынша танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |