Жоспар: І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім Үйлену салт өлеңдері
Үйлену салт өлеңдерінің түрлері
ІІІ.Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да көп заманнан бері келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты бар. Бұлардың бәрі адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайларына байланысты туып қалыптасқан және сол негізде дамып отырған. Халқымыз көп ғасыр бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Бұл шығармалар «тұрмыс-салт жырлары» деп аталады. Қазақ халқының бүкіл тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен қайғысын сөзге сыйғызған әдеби бай мұраларды ғалымдардың зерттеуі заңды құбылыс. “Тұрмыс-салт өлеңдерінің белгілі бір жүйемен дамып, шиеленісіп барып шешілетін оқиға болмайды. Оның орнына лирикалық тақырыптың дамуы, геройдың ой-сезімі сипатталуы секілді шағын ситуацияларға құрылады” - дейді филология ғылымдарының докторы Бекмурат Уахатов. Ә.Қоңыратбаев сюжетсіз өлеңдерге қатысты: «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз», — деп анықтама береді де, содан кейін барып жырларды мазмұны мен тақырыбына қарай былайша бөліп қарастырады. Олар:
Бақташылық жырлары, яғни төрт түлік мал туралы жырлар;
Сол сияқты ғалым Б. Кенжебаев тұрмыс-салт жырларын «Арнайы бір салт шартын орындау ретінде айтылып қолданылатын өлеңдер» — дей келе, оларды өз кезегінде 4 түрге бөледі:
Мал шаруашылығы жайлы өлеңдер;