Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды!»
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге дағдыландыру.
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер, суреттер, әсем шарлар безендірулер
1-Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2-Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің 5а сынып оқушыларымен өткізіліп отырған: «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға,әкелерге, ұстаздарға арналады.
1-Жүргізуші:
Алдымен сүй ардақта ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ата-ананың жасалады.
Ата-анасын сағынар жырақ жүрген баласы,
Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен.
Екеуінің қуанышы, тілегі
Әрқашан бір анадан табылған.
« Алдымен сүй ардақта ата-анаңды!»
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Яғни әрбір бала үшін мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.
2-Жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерін аналарға бағыштайды - дей келе ортаға оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті қыздардан құралған Аққу биін қабыл алыңыздар
2-Жүргізуші:
Амандық қой тілегенің балаға
Ұқсатамын пейіліңді далама.
Денсаулықты шын жүректен тілеймін,
Ұзақ өмір сүре берші, Жан ана!-
десе,
Күлімсіреп,күлім қағып қарайсың
Сәбилерді бақытыңа балайсың
Әр баланы жұлдыздарға теңейсің
Сен біз үшін аппақ нұрсың, арайсың,-
деп ендігі кезекті әдеби монтаждар қабыл алыңыздар
1-Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Әлитайды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Әлінің орындауындағы «Анам»әні
2-Жүргізуші:
Күйлердің сөзін ішіп, сорғалатқан
Бармақтан бал тамызып, жорғалатқан,
Тәтті күй жанның тілі, жігер, қайрат,
Қазағым, мақтана бер, соны тапқан,-
деп шаттана жырлаған дарынды ақын Иса Байзақов айтпақшы, күй- адамның ішкі дүниесінің сыры. Күй- халықтың жан серігі. Олай болса ортаға күй
1-Жүргізуші:
Дін мұсылман жолында Әкенің құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнаһар – Алла алдында күнаһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
2-Жүргізуші:
Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір-қасиеті туралыайтылған асыл сөздер табар едік.
«Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіпана болмас» деген сөзде терең ой жатыр.
1-Жүргізуші:
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше? Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
2-Жүргізуші:
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп,бағып-қағатын болады.
Енді баршамыз слайд тамашалаңыздар
1-Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. – деп Абай атамыз айтқандай, Ән орындайтын
2-Жүргізуші:
Дүниеде ең сұлу - қазақ әйелі.
Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам. Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйтқысы, ұрпақтың анасы. Бізге қажымас қайрат беретін әйел – анаға мың алғыс! Аристотель,Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен исатай,
1-оқушы:
Ата салты – ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
2-оқушы:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз – дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
3-оқушы:Өмірде не жетім?
4-оқушы:
Өмірде тоғыз жетім бар.
Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Ханы ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса –әкім жетім.
Су жоқ құдық – жетім,
Ұлы жоқ әке – жетім.
Қызы жетесіз болса ана – жетім.
Шәкіртсіз ұстаз – жетім,
Ата-анасы жоқ бала жетім.
5-оқушы:Үйде кім, елде кім қадірлі?
6-оқушы:Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.
Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.
7-оқушы:Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
8-оқушы:Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек, Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
9-оқушы:Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
10-оқушы: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
Әкім ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Үйдегі алтын қазық кім?
11-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың.
Достарыңызбен бөлісу: |