7 мамырға арналған ашық сабақ



Дата02.05.2023
өлшемі19,84 Kb.
#89249
түріСабақ
Байланысты:
7 мамыр сценарий - копия


7 мамырға арналған ашық сабақ
Армысыздар, ардақты азаматтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік іс-шарамыз өздеріңізге арналады!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандағы байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан ардақтым! дей отырып, «Еркін елдің ұланы» атты бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыз 3 кезеңнен тұрады:




1-кезең – «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларымыздың білімдерін тексеру үшін сұрақтар қойылады.
2-кезең – «Кім тапқыр» деп аталады. Бұл кезеңде ер-азаматтарымыз автоматты бұзып және қайта жинап жарысады.
3-кезең – «Бұл кім?» деп аталады. Бұл кезеңде ер-азаматтарымыз қол күреседі
І кезең
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
1-топқа:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)

  2. ҚР Қарулы Күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992 жыл)

  3. ҚР Қарулы Күштерінің түрлерін атаңыз (құрлықтағы әскери күштер, әуе қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері)

  4. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)

  5. Қорғаныс министрі кім? (Руслан Жақсылықов)

2-топқа:

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)

  2. ҚР ҚК Жоғары Бас Қолбасшысы кім? (Қасым-Жомарт Тоқаев)

  3. Әскери рәміздерге не жатады? (жауынгерлік ту, жалау, әскери ауыспалы байрақтар, әскери нышандар (символ, таңба, эмблема) және әскери айырым белгілері).

  4. Кіші офицерлерге кімдер жатады? (қарулы күштердің барлық түрлерінің кіші лейтенанттары, лейтенанттар, аға лейтенанттар, капитандар)

  5. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

ІІ кезең
«Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде берілген сурет бойынша мақал-мәтелдерді табады.


ІІІ кезең
«Бұл кім?»
Бұл кезеңде ер-азаматтарымыз берілген сурет бойынша қай батыр екенін анықтайды.

Құрметті қатысушылар, осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын!


Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет