Пәндік лексика мен терминология: Алгоритм түрлері, сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклдік алгоритм, қызметші сөздер: егер онда әйтпесе
Құндылықтарға баулу
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-жалпы ережелерді ұстану, өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарау арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылатын азаматтарды қалыптасады.
Пәнаралық байланыс
Математика, бейнелеу
Алдыңғы бөлім
Алгоритм ұғымын, жазылу жолдарын, қасиеттерін біледі. Алгоритмді графикалық түрде кескіндей алады, блок-сызба жасай біледі.
Сабақтың басы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурс
Сабақтың басы
Сәлемдесу.Класты ұйымдастыру
Топтастыру. Мақсаты:Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірінің ойын тындауға үйрету.
Компьютер, ноутбукжәне планшеттің суреті бар қағаздарды таңдайды. Сол суреттерге сәйкес топқа бөлінеді
1-топ 2-топ 3-топ cуреті.
«Техникалық диктант» әдісі (топтық жұмыс) (үй тапсырмасы тексеріледі) Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
екі топқа ортақ дұрыс және бұрыс сөйлемдер оқылады. Дұрыс сөйлемге “+”, қате сөйлемге “-”таңбасын қою арқылы орындайды.
Алгоритм-алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы. «+»
Алгоритм орындаушысының ролін адам, жан-жануар, автоматтандырылған құрылғылар және жәндіктер атқармайды. «–»
Үзіктілік, түсініктілік, жалпылық, формальдылық, нәтижелілік бұлар алгоритм түрлеріне жатады. «–»
Алгоритм орындаушысы дұрыс көрсетілген «-»
Блок-сызба, алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі. «+»
Алгоритм атауы араб математигі әл-Хорезми (780-850)байланысты аталған. «+»