1-тапсырма бойынша оқушылар пікірталас алаңында «Бұрыштар» стратегиясы арқылы екі топқа бөлініп, «Балалық шақ – армансыз ойнайтын шақ», «Балалық шақ – келешегіме дайындық кезеңі» тақырыбында мәтінде көтерілген негізгі екі мәселені түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді.
1. Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?
2. Балалық шақтарың туралы не айтасыңдар?
3. Сөйлеу тілдеріңде кемшілік бар ма?
4. «Тәуелсіз елдің болашағы» дегенде не айта аласыңдар?
2-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Тіркескен сөздерді бірге оқып, үндестік заңына бағынып, үндестік заңына бағынып тұрғандарын орфоэпия нормасына сәйкестендіріп жазады.
2-топ. Оқылым мәтіндеріндегі қарамен жазылған сөздер мен тіркестердегі ықпалдарды түсіндіріңдер және ауыспалы мағынадағы тіркестерді табады.
3-топ. Оқылым бөліміндегі мәтіндер мен пікірді байланыстырып, замандастарына балалық шақтың қадірі туралы жарнама не шағын мәтін жазады.
Одан басқа тағы қандай себептерді атап бере аласыңдар? Аталған жағдайлар сендердің өмірлеріңде болды ма? Осы мәселелерді мақал-мәтелдермен түйіндейді.
4-топ. Ізденімдік тапсырманы орындайды.
3-тапсырма. Дидактикалық материалдан мәтіндегі зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады.
|