Ортасы
|
1-тапсырма бойынша оқушылар пікірталас алаңында «Бұрыштар» стратегиясы арқылы екі топқа бөлініп, мәтінде көтерілген негізгі екі мәселені түсіндіреді.
2-тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Жоғарыдағы мәтінді негізге ала отырып, жақсы оқу үшін достарыңа қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Тізімін жасайды.
2-топ. Мәтіндегі жағымды және жағымсыз әрекеттерді білдіретін сөздерді бөліп жазады.
3-топ. Жазған ақыл-кеңестер тізімінен сөз бен сөз, сөз бен қосымша арасында қандай үндестіктер (ықпалдар) бар екенін анықтайды.
3-тапсырма. Айтылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, өздерінің қандай адам екенін айқындайды.
4-тапсырма. Абайдың нақыл сөздері бойынша ой қорытады.
Жас уақытта көңіл – гүл.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиянға салған шақ.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.
Жастықта бір күлгенің мың қаралық.
|